Қысқаша теориялық мәліметтер Кеңестік құқық үш негізгі құқық жүйелерінің біреуіне - социалистік құқық отбасына жатады. Социалистік лагерьге кіретін елдердің құқықтық жүйелері ертеректе роман-германдық құқықтық отбасына жатқандықтан сыртқы ұқсастықтарын сақтап қалған. Роман-гермаңдық та, социалистік те құқықтық жүйелерде құқық нормасы жалпы әрекет тәртібі ретінде түсіндірілген, сонда да болса социалистік құқық жүйесі роман-германдық құқықтық отбасынан бөлініп шыгғып жеке құқық жүйесін құрайды - алғашқыда РСФСР-КСРО-да, кейінде Шығыс Европада (1945-1950жж.) және Кубада (1960ж.).
Семинар сабаққа дайындық бойынша білім алушыларға әдістемелік ұсынымдар: Тақырып бойынша мағлұматтарды өз бетінше дерек көздерден іздеп, саралайды. Университет кітапханасынан және облыстық, қалалық кітапханалардан тақырып аясындағы мәліметтерді жинақтап, практикалық сабаққа студент өз бетінше дайындалады және құқықтық мағлұматтарды жүйелейді.
Пысықталатын оқу мәселелерінің және студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмаларының тізбесі: Тақырып бойынша лекция жинағынан, әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде жазбаша тест құрастыру (көлемі10 тест).
Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар: Презентация
Интерактивті тақта
Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері: -Тест сұрақтарына жауап .
-Нормативтік құқықтық актілерді оқу:
- ҚР Конституциясы
Бақылау сұрақтары 1.Құқықтың қайнар көзінің бірі ретіндегі адаттың ерекшеліктері.
2.Кеңестер Одағы және Югославия меншік құқығының тұжырымдамасы.
3.ГДР-дағы меншік құқығы. Экономиканың қоғамдастырылуы.
3.Жеке, кооперативтік және социалистік меншік. Сот құрылысы және сот ісін жүргізу.
4.Куба мен Корея Халық Демократиялық Республикалары құқықтық жүйесінің ерекшеліктері.
5.Шығыс Еуропадағы бұрынғы социалистік елдердің құқықтық жүйесі.