Пәннің сипаттамасы: Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.
Пәнді оқыту мақсаты:орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру.