Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет28/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Пікірталас лекциясы
Лекцияның бұл түрінде күрделі немесе жан-жақты қарастырылмаған, әрі сан алуан шешімдері бар, оқушы тарапынан көптеген сұрақтар туғыздыратын өзекті теориялық және практикалық мәселелер талқыланады. Пікірталас лекциясында оқу материалы жан-жақты талқыланып, түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады және бағаланады.
Мұндай пікірталасқа оқушылардың барлығы араласады. Пікірталас лекциясында оқушылар түрлі көзқарастар мен ұстанымдарды салыстыру және талдау, оларды таңдау мен баға беру дағдыларын қалыптастырады. Олар ғылыми дискуссия жүргізу әдістемесімен танысып, өз ұстанымдарын қорғау және де қарсы жақтың пікірін сынау мақсатында дәлелдер келтіруді әрі оларды қолдануды үйренеді.
Лекцияда мұғалім күрделі әрі еікұшты мәселелер бойынша оқушылардың пікірлері мен оларды айғақтайтын дәлелдерді келтіруді сұрайды. Бұл жерде мұғалім бір оқушының жауабын тыңдағаннан кейін аудиторияға «Бұл ұстанымға қарсы/келіспейтін пікірлеріңіз бар ма?» деген сұрақ қойып, қарама-қарсы позицияларды анықтап алуы керек, өйткені бұлай жасамаған жағдайда пікірталастың әрі қарай қызықты, мазмұнды болмайды.
Оқушылар қысқа түрде өз көзқарастарын жақтайтын пікірлер келтіреді, қарсы жаққа сұрақтар қояды. Лекция мазмұны осы дәлелдерді өрбіту, дамыту, тереңдету бағытында өрбиді. Қысқа (2-3 минуттық) дискуссияның өзі оқу үдерісін жандандыра түседі, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың сабақ тақырыбын терең игеруіне мол септігін тигізеді. Мұғалім бұл жерде оқушылардың сұрақтарын лекция мақсатына сәйкес бағыттап отыруы керек, әйтпесе пікірталас жүйесіз, ретсіз сипат алуы мүмкін.
Пікірталас лекциясына дайындық барысында мұғалім келесі мәселелерге назар аударуы керек:
  • пікірталас тудыратын негізгі мәселелерді анықтау;


  • пікірталас туғызатын сұрақтарды алдын-ала дайындау;


  • оқушылардың ой-толғанысын тудыратын мәселерді анықтау;


  • пікірталасты жандандыратын мысалдар мен дәлелдерді дайындау.


Пікірталас лекциясының соңында мұғалім екі жақты ұстанымдардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне қысқаша тоқталып, пікірталасқа қорытынды жасайды. Мұнда мәселе «Кім жеңді?» сұрағы төңірегінде емес, тек «Өз ұстанымыңызды айқындай алдыңыз ба?» деген сұраққа жауап болуы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет