Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Дәріс №12. Lesson Study әдісінің тиімділігі



бет30/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәріс №12.
Lesson Study әдісінің тиімділігі
Lesson Study Жапонияда ХІХ-ғасырда жалпы білім беретін мектеп базасында өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға қолдана бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson Study деп атады. Содан кейін Lesson Study тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге таратылды.

Lesson Study зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да мұғалім өзі зерттеу сабағын өткізуге және оған дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын сыныптың немесе дәл осы пәннің саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылаудан кейін сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда талқылау жұмысы және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Тіптен қиын болған жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын жақсарту үшін кеңес беруін сұрайды.


Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе сыныптың немесе пән саласының мұғалімдері зерттеу сабағына қатысады. Зерттеу сабағынан кейін мұғалім мен тыңдаушылар талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілер талқылауға қатысады. Lesson Study тәжірибесі айына бір рет өткізіледі.
Неліктен Lesson Study тәжірибесі әлемге танымал болды?
1999 жылға дейін Жапондықтардан басқа Lesson study-ды көп адамдар біле бермейтін. Тек Жапониядағы мұғалімдер ғана біраз уақыт бойы Lesson study-ды тәжірибеде қолданған. Оның қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған «Оқытудағы олқылықтар» кітабынан (Teaching gap) байқауға болады. Бұл кітап 1995 жылы Жапонияда, Германияда және АҚШ-та тоғызыншы сыныпта өткізілген математика сабағының бейнежазбасына негізделген зерттеулердің талдамалық есебі болып табылады. Талдау көрсеткендей, Жапониядағы сабақтар оқушыларға ойлауға уақыт беруге бағытталған. Оқушылар жұмыс істеген кезде қажетті атқараылатын іс-әрекеттер үш санатқа бөлінген:
  • жаттығу: тұрақты іс-қимылды тәжірибеде қолдану;


  • қолдану: ұғымдарды немесе іс-қимылдарды жаңа жағдайларда қолдану;


  • талдау: жаңа нәрсе жасау немесе оқиғаны жаңа тәсілдермен талдау.


2007 жылы Гонконгте Lesson Studу бойынша Дүниежүзілік Қауымдастықтың негізі қаланды және сол уақыттан бері ол тұрақты түрде өткізіліп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет