Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет31/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Lesson Study мақсаты
Lesson Study-дың мақсаты әр мектепте әртүрлі. Оның қойылатын мақсатқа байланысты үш түрі бар:
  • бірінші түрі - бірыңғай тақырыпқа байланысты;


  • екінші түрі - оқыту дағдыларын дамытуға арналған;


  • үшінші түрі - бақылау дағдыларын дамытуға бағытталған.


Lesson Study-дің бірінші түрінде барлық мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай зерттеу тақырыбын таңдайды. Олар бірге ақпарат жинап, Lesson Study-ді соның негізінде өткізеді. Жыл аяғында олар зерттеу туралы есепті даярлайды. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім зерттеу сабағын өзі үшін емес, бірыңғай тақырып үшін өткізеді. Жыл бойы өткізілген әрбір зерттеу сабағы мектептегі тұтас Lesson Study үдерісін құрайды.


Lesson Study тақырыбы:
  • оқушылар арасында пікірталас тудыруы тиіс;


  • оқушылардың сыни ойлауын дамытуы тиіс;


  • топтық не жұптық жұмысты қолдануы тиіс;


  • АКТ құралдарын қолдануы тиіс;


  • оқу дағдыларын дамытуы тиіс;


  • өзін-өзі таныту дағдыларын дамытуы тиіс.


Жапонияда көптеген мектептер Lesson study-дың осындай түрін өткізеді.


Lesson study-дың екінші түрінде мұғалім өз еркімен зерттеу сабағын өткізеді. Мұғалім өзінің зерттеу тақырыбын таңдап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол өзінің сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі жүргізеді. Ол сабақты бірнеше мұғалімдер тобы бақылайды. Бақылаушылар сабақты талқылап, оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу сабағын ашады. Мұғалім Lesson Study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын дамытады. Ұлыбритания мен АҚШ-та өткізілетін Lesson Study осындай жобаға ұқсас.
Мысалы, Ұлыбритания ғалымы Dadley Lesson Study-ды мұғалімді дамытатын үдеріс ретінде сипаттайды. Оның үлгісі мынадай:
  • Lesson Study-дың бірінші циклы - жақсартуды қажет ететін жайттарды анықтау үшін Lesson Study тобының бірінші кездесуін өткізу;


  • бірінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау, бірінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау, оқушыларға сұрақ қою;


  • бірінші зерттеу сабағынан кейін талқылау және екінші зерттеу сабағына бастапқы жоспар құру;


  • екінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау, екінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау, оқушыларға сұрақ қою;


  • екінші зерттеу сабағынан кейін талқылау және үшінші зерттеу сабағына бастапқы жоспар құру;


  • үшінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау, үшінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау, оқушыларға сұрақ қою;


  • үшінші зерттеу сабағынан кейін талқылау және негізгі қортындылар шығару;


  • өзіңіз байқаған жайттарды жазу/ұсыну, қоғамдық зерттеу жүргізу.


АҚШ-ның ғалымы Lewis (2002) Lesson Study үдерісін басқару циклі ретінде сипаттайды. Оның үлгісі бойынша:


  • Lesson Study-дың тобын құру;


  • оқушыларға оқу және ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою;


  • зерттеу сабағы үшін бірігіп жоспар жасау;


  • бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары оқушылардың оқуы жөнінде мәлімет жинайды;


  • сабақ кезінде жиналған мәліметті талқылап, оны сабақты жақсарту үшін қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау;


  • тексерілген сабақты қайта басқа сыныпта өткізу.


Lesson Study-дың бұл түрі мұғалімнің оқыту дағдыларын дамытады. Ғалымдардың екеуі де Lesson Study үдерісін мектептегі волонтер мұғалімдер тобымен байланыстырып сипаттайды. Жапониядағы Lesson Study мен Ұлыбритания немесе АҚШ-тың Lesson Study арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жапонияда Lesson Study барлық мұғалімдермен өткізілсе, Ұлыбритания мен АҚШ-да Lesson Study тек волонтер мұғалімдермен ғана өткізіледі.


Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, сонымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақылайды. Сабақты бақылаған кезде, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау дағдыларын дамыта алады. Lesson Study-дың бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерттеу тақырыбын таңдай алады. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім жылына бір зерттеу сабағын өткізіп, бақылау үдерісіне көбірек назар аударады.
Жақсы бақылау дағдылары бар мұғалім оқушыларды да жақсы бақылай алады.
Lesson Study мұғалімдерге өздерінің ұғымдары мен түсініктерін тексеруге ын таландырады, мұғалімдер арасында диалогты туындатады, әріптестік және кәсіби даму мәдениетін дамытып, мұғалімдердің назарын оқушылардың қажеттілігіне аудартады. Сонымен қатар, мұғалімдер оқы жоспары жөнінде тереңірек түсінік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет