«білім беру үдерісінде smart технологияларды қолданудың тиімділігі» Ұстаздарға арналған шеберлік сағаты мақсаты



Дата02.05.2023
өлшемі16,25 Kb.
#88861
түріСабақ

«БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ


Мақсаты: Ұстаз тұлғасын, қоғамдағы алатын орнын айқындау. Жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу;
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ парақтар, интерактивті тақта, тарапта қағаздар, түрлі-түсті қаламдар
ЖОСПАР:
I Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі
Таныстыру «Қасиеттерді анықтау»
II Негізгі бөлім.
1.Топқа бөлу
2. SMART технологияларды қолдану тиімділілі. Жаңа технологиялық бағдарламалармен таныстыру.
3.Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме қымбатты әріптестер! Бүгінгі болғалы отырған шеберлік сағаты сіздердің педагогикалық еңбек жолдарыңызға өз көмегін тигізіп, бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, шеберліктеріңізді шыңдайсыздар деген үміттеміз. Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын мына заманда ұстаздың қаншалықты деңгейде білімді де білікті, талапшыл да парасатты болуы керектігі өздеріңізге белгілі.
Осындайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды.Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», - деген сөзі еріксіз еске оралады. Ал, сол ақылдың - тәрбие мен білімнен келіп туындайтынын ескерсек, ұстаздар қауымын адам болмысының инженері деп бағалауға тура келеді.
Сабақ барысындағы қағидалар:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену
Мақсаты'>1.Таныстыру «Қасиеттерді анықтау»
Мақсаты: Бір-бірімен жақын танысып, педагогикалық ұжымда бірлесе жұмыс жасауға үйрету;
Жүру барысы: Әр қатысушы өздерін педагогикалық ұжымға кезекпен таныстырып шығады. Қатысушылар өздерін педагогикалық тәжірибесі мол, білімді де білікті маман ретінде таныстыруы қажет.
Мақсаты:«Ұстаз тұлғасының» жаңаша портретін қалыптастырып,ұстазға тән жақсы қасиеттерді өз бойларына дарыту;
Жүру барысы:Әрбір қатысушы өз бойындағы ерекше ұстаздық қабілеттерін айтып, ортаға баяндауы қажет. Барлық қатысушылар өз қасиеттерін айтып болған соң, «ұстаз тұлғасының» портретін қалыптастырып, суреттеуі қажет.

2. Топқа бөліну.


QR код арқылы топқа бөліну

  1. «Joyteka» білім платформасы

  2. QR-мен жұмыс жасау;

  3. «Umaigra» білім платформасы

  4. «Slidesmania» білім платформасы

  5. «Tarsia Maker» платформасымен жұмыс

  6. «Answergarden» кері байланысқа арналған платформасы

4. Қорытынды.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл - Фарабидің сөзімен түйіндесек:
«Ұстаздың мінез - құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдың шәкірті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарапайым болады.
Құрметті ұстаздар мен оқытушылар бүгінгі шеберлік сағатымызға белсене қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет