Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашу керек;
Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теориялық мазмұнды болуы керек. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні мен көлемі жөнінен негізгі болып табылатын, екінші тарауда зерттеуге талдау жасалып, баға беріледі, үшінші бөлімде ұсыныстар мен қорытынды пікірлер жазылады.:
Зерттеу жұмысында кесте, сызба, диаграммалар қолданылады.
Алғашқы бетінде оқу орының атауы, тақырыбы, студенттердің аты-жөні, оқытушының аты-жөні, оқу тобы және тапсыру мерзімі жазылады.
Зерттеу жұмысы сауатты әрі таза, анық жазылуы тиіс
Зерттеу жұмысының соңында қолданылатын әдебиеттер тізімі берілуі қажет.
Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі керек.
Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі
Сапасыз зерттеу жұмысын орындау есепке алынбайды
Зерттеу жұмысында міндетті түрде сілтемелер көрсетілуі керек.