«білім беру және педагогика» жоғары мектебі Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату



бет40/42
Дата29.12.2023
өлшемі405,62 Kb.
#144542
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
«білім беру және педагогика» жоғары мектебі-emirsaba.org

2.Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату

1. Тәрбиешінің өзара сабаққа қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші кімнің сабағына қатысу керектігін таңдайды және ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді. Педкеңесте өткізілген ашық сабақ талқыланады.


2. Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды ұжымдық түрде бақылап, талдау. Мұнда да алдын-ала тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең талқылау болып, нақты ұсыныстар беріледі. Жылына 2-3 ашық сабақты жоспарлауға болады. Алдымен мұндай ашық сабақтарды тәжірибелі тәрбиешілер жүргізеді. Сабақ мазмұнын тәрбиеші өзі жоспарлап дайындайды.
Егер ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге болады: біреуі – балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің сөзін, үшіншісі жалпы сабақ жүрісін жазып отырады. Талдау кезінде сабақ өткізген тәрбиешіге алдымен сөз беріледі, бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін көре білуге тәрбиелейді. Ашық сабақ өткізушіге де, қатысушыларға да есте қаларлықтай оқиға болып өтуі тиіс.
Ашық сабақтар тек қана сол балабақшаның тәрбиешісі үшін емес, аудандағы басқа бақшалардың тәрбиешілеріне де, курстағыларды да шақыруға болады.
Ашық сабақты ұйымдастыру, өткізу, талдаумен жұмыс бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізуі қажет.
3.Пед.кеңес әдістемелік жұмыстың тұрақты негізгі формасының бірі. Жылдық жоспарда әрбір пед.кеңестің мазмұны анық көрсетілуі тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам, баяндамашыларды белгілейді.
Пед.кеңесте қатысушыларға аз да болса, көмек болатындай жаңа, жете меңгерілмеген және негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс. Егер балабақшада жыл бойына 8-10 пед.кеңес өткізілетін болса, оның ең кемінде 1-2-і тіл дамыту әдістемесіне арнауы тиіс.
Жыл соңында қорытынды пед.кеңесте балалар тілінің жағдайы міндетті түрде талқыланады.
Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне қандай педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан жүргізілгенін, қандай нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс, балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.
Пед.кеңесте соңында шешім қабылданып, нұсқаулар ұсынылады, қабылданған шешімнің орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес шешімінің орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда ғана нәтижелі болады.
Көпкомплектілі балабақшада бір жастағы топтар тәрбиешінің кеңесіп өткізуді іске асырғаны дұрыс. Әр айға бөлініп жасалынады.
Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша түрде де жинақтауға болады, яғни олардың жасаған альбомдары, сабақ конспектісі, календарлық жоспарларын пед.кабинетке арнаулы орынға қойылады.
Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін жинақтау, қорытындылау.
Меңгеруші өз балабақшасындағы тәрбиешілердің жұмысымен танысып, бағалап қоймай, тәрбиешілерге таныстыруы да керек.
Мысалы, дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан салыстырмалы таблица жасап, пед.кабинеттегі стендіге іліп қоюға немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай таблица өткен жылғымен салыстырып отырғанда артық емес.
30-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет