Консультациялық жұмыс: оқытушының студенттерімен өзіндік жұмысының уақыты кесте бойынша өткізіледі. Бұл уақыттарды пайдалана отырып оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілген тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттерден берілген тапсырмаларды сұрауға құқығы бар.
Сабақ үстіндегі белсенділік:білім алушының жұмыстың әрбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі.
Топтық презентация ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтардың тарауындағы заң баптары бойынша таңдаған бір материалға сызба, кесте, сурет, немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.
Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай және дара орындалады. Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теориялық мазмұнды болуы керек. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні мен көлемі жөнінен негізгі болып табылатын, екінші тарауда зерттеуге талдау жасалып, баға беріледі, үшінші бөлімде ұсыныстар мен қорытынды пікірлер жазылады.: