«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


Тәрбие мен білім берудің маңыз. Тәрбиенің басты принципі



бет10/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

Тәрбие мен білім берудің маңыз. Тәрбиенің басты принципі
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық тоатардың мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өміргепайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, - деді Коменский,- жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғанаадам болады. Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді.


9-шы тақырып. XIX батыс Европа мен АҚШ
Сұрақтар:

  1. Осы кезеңдегі мектеп пен педагогикалық ойдың даму ерекшеліктері

  2. XIX ғасырдағы педагогиканың классиктері

  3. Мектеп дамуының негізгі бағыттары

  4. XIX ғасырдағы АҚШ-тағы мектеп пен педагогикалық ой

Тапсырма: Реферат жазу
Жұмыстың мақсаты: Мектеп пен педагогикалық ойдың даму ерекшеліктері, XIX ғасырдағы педагогика классиктері, мектеп дамуының негізгі бағыттары, XIX ғасырдағы АҚШ-тағы мектеп пен педагогикалық ой туралы білімдер жиынтығын қалыптастыру
Негізгі теориялық қағидалары:
Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогикада эксперименттік педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Мейман (1862-1915) және жоғарыда аталған А.Лай болды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған эксперименттік педагогикалық психологияның лаболраториялары кейіннен Англияда, францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оқу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізіліп отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағытболып дамыды.
Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар шығармашылығының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын дамытуға шығармашылық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы бай қаулар мен қорытындылар жасалынды.
Бірақ эксперименттік педагогиканың қайраткері баланы эксперимент арқылы зерттеуден басқа ғылыми- педагогикалық зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы қоғамдық жағдайдардан бөліп алып қарады, тәрбиенің әлеуметтік құбылыс екендігін ескермей, оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде қарады. Эксперименттік педагогиканың өкілдері теорияны зерттеуге көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, «объективтік» мәліметтерді мойындап, философиялық педагогиканы субъективтік деп есептеді. Эксперименттік педагогика педагогикалық қорытындылар мен тұжырымдамаларды тікелей психологияның мәліметтерінен ғана шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет