«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


-ші тақырып. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық көзқарас



бет13/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

12-ші тақырып. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық көзқарас
Сұрақтар:
1. Н.И.Пироговтың (1810-1881) педагогикалық көзқарасы.
2. К.Д.Ушинский (1824-1870) педагогикалық теориясы, тәрбиенің халықтық идеясы.
Тапсырма: XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық көзқарастар туралы мәліметтер жинақтау, реферат жазу
Жұмыстың мақсаты: Студенттердің қоғамдық педагогикалық көзқарастары туралы біліктерін дамыту
Негізгі теориялық қағидалары:
Мектеп білімінің мазмұны
XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы прогресшіл орыс педагогтарына ортақ болған өмірлік және өзекті мәселе – бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны және білім шеңбері туралы мәселе еді.
Бастауыш орыс халық мектебінің оқу мазмұнын шешуде бірін-бірі толықтырып, осы мәселені шешуге негіз болған бастауыш мектеп жөніндегі үш ірі қайраткердің көзқарасы бар, олардың үшеуі де бастауыш мектеп білімнің көлемін сөзбен теориялық түрде ғана топшыламай, өздерінің бастауыш мектептерге арналған оқулықтары арқылы да дәлелдеген болатын.
1) К.Д.Ушинский бастауыш білім берумәселесін әр тарапты зерттей келе, бастауыш білім арқылы баланың ақыл-ойы мен адамгершілігі жетілуге тиіс, бұл жетілу нақты ғылыми бағыттағы табиғи және тарихи материалдарға негізделуі қажет, әрі материалдар сол замандағы барлық ғылыми білімдердің жүйесін екшелеп, сұрыпталып алынуы және педагогикалық жағынан балаға түсінікті, сонымен бірге тартымды болғаны дұрыс дейді.
Басту ыш мектеп үшін ғылыми-табиғи және әлеуметтік –тарихи материалдарды осылай іріктеудің үлгісін К.Д.Ушинский өзінің «Ана тілі» мен « балалар әлемі» оқулықтарында көрсетілген.
2) Н.А.Корфтың (1837-1883) пікірі негізінен Ушинскийдің пікірімен жақындаса түседі де, К.Д.Ушинский оқулықтарында баланың ақыл-ойын дамуына зер салып, шаруа балаларының тұрмысы мен өміріне қатысты тәжірибе мәліметтерін беруді ескермеулігіне риза бола алмайды. Сондықтан Корфтың ойынша, бастауыш білімнің негізгі талабы, міндеті- баланы ақыл-ой жағынан дамытумен бірге, оқушылардың тұрмысқа, өмірге қатысты білім мағлұматтарын кеңейту. Ол өзінің «Наш друг» оқулығына осы мәліметтерді енгізді. Сондықтан ол өз оқулығын Ушинскийдің «Ана тіліне» тәжірибе құралы, өмір мәселелері жөнінде қосымша оқу құралы деп есептеген. Корф ойларына түсінбеуші педагогтар оны білім жөніндегі шамадан тыс, өмірге қажетті іскерлікті ғана жақтаушы деп сынады. Ал шындығында Корф Ушинский ойларыфн толықтырған еді.
3) Бастауыш білім оқуының мазмұнын шешуге Л.Н.Толстой өзіндік тың көзқараспен қарады. Жоғарыдағы екі көзқарасты да қолдай отыра, ол оқу материалының көңілсіз, жалықтыратын, құрғақ кітаби тілді болуына қарсы шықты. Табиғи, ғылыми материалдардың өзі тартымды көркем сөз, әдеби түрде берілуін талап етті. Сондықтан Л.Н.Толстой өзінің «Оқу кітаптарына» арнап жазған әңгімелері мен мақаларының педагогикалық бағытты болуын, табиғи-ғылыми және тарихи мазмұнды болуын, сонымен бірге шын мәнінде көрем шығарма түрінде жазылуын көздеді, бұлардың көбі шын мәнінде көркем шығарма ретінде танылып, дүние жүзлік әдебиет қазынасына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет