«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


-ші тақырып. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика



бет12/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

11-ші тақырып. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика
Сұрақтар:

  1. Мектеп пен мемлекеттік жүйенің құрылуы.

2. Орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белинский мен А.И.Герценнің педагогикалық теориясы.
Тапсырма: сұрақ-жауап, пікір алмасу
Жұмыстың мақсаты: Педагогика негізін салушы орыс революцияшыл демократтарының еңбектерін зерттеу.
Негізгі теориялық қағидалары:
Мектеп білімнің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Осы кезеңде таққа отырған I Александр мемлекеттік билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.
1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Россия 6 оқу окруктеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновникигі – оқу округінің попечителі деген басқарды.
Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.
Мектеп реформасының келесі сатысы – 1804 жылы қабылданағн «Оқу орындарының уставы» болды. Бұл «Устав» бойынша Россияда төмендегідей жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.

  1. Приход училищелері әр қалалар мен ауылдарда ұйымдастырылды, оқу мерзімі бір жылдық. Мұның міндеті: уездік училищелерге оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесін және элементарлық сауат ашу. Училищенің оқу жоспарында: «Құдай заңы» мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері болды. Сабақты жалғыз оқытушы жүргізуге тиіс еді. Училище мемлекет қамқорлығында болмай, оны қамтамасыз ету жергілікті басқару орындарында жүктелді. Шаруалар помещниктердің қол астында болуына байланысты, олардың балалары бұл училищеде де оқи алмады.

  2. Уездік училищелер губерниялық және уездік қалаларда ашылды. Оқу мерзімі – екі жылдық. Мұның мақсаты – гимназияға оқушылар әзірлеу, сол кездегі өндіріс және сауда салаларынан білім беру. Осыған байланысты оқу пәндерінің саны шамадан артық көп болды, сондықтан олардың сапалы түрде өтуі күмәнді еді.

  3. Гимназиялар әрбір губерниялық қалаларда ашылды. Оқу мерзімі төрт жыл. Гимназиялардың алдында қойылған міндеттер: университеттерге оқу үшін жастар даярлау, « әдепті тәрбиеленген адамдарды» қалыптастыруға қажетті білімдер беру.

Гимназияның оқу жоспарларындағы оқу пәндері кең, әр салалы болды ( шет тілдер, география мен тарих, жалпы және Россия мемлекеттің статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы), метафизика, логика, этика, мораль, математика, табиғат тарихы ( минералогия, ботаника, зоология), коммерция теориясы, технология мен сурет. Гимназиялар университеттерге бағындырылды. Бұл оқу орны халық бұқарасына арналған приход және уездік училищелерге қарағанда материалдық жағынан анағұрлым жақсы жағдайда болды.

  1. Университтер мемлекеттік жұмысқа чиновниктер, оқытушылар даярлады. Оқу орындары уставын әзірлеген ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Оны сайланып қойылатын кеңес, ректорат және деканаттар басқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет