Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі



бет14/19
Дата01.10.2023
өлшемі52,82 Kb.
#112119
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
v1700015584.01-03-2023.kaz

4- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.


Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.


17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.


Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.


18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.


19. Осы ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.


20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.


21. Мектептен тыс ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.


22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.


23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.


24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.


25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.


26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.


Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.


Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.


27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.


28. Мектептен тыс ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.


29. Мектептен тыс ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:


1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған мектептен тыс ұйымдар үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;


2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектептен тыс ұйымы үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.


30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:


1) мектептен тыс ұйымның білім алушыларына әлеуметтік қолдау;


2) мектептен тыс ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;


3) дарынды балаларды қолдау;


4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.


31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.


32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет