Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары



бет13/19
Дата01.10.2023
өлшемі52,82 Kb.
#112119
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
v1700015584.01-03-2023.kaz

3- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары

14. Мектептен тыс ұйымының Қамқоршылық кеңесі:


1) мектептен тыс ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;


2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектептен тыс ұйымның жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;


3) мектептен тыс Ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;


4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;


5) мектептен тыс ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады және демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдаланудың бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде оның нысаналы жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;


6) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;


7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың, тамақтану сапасының, ауыз су режимінің сақталуына, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;


8) мектептен тыс ұйым басшысының мектептен тыс ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;


9) қиын өмірлік жағдайға тап болған білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектептен тыс ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;


10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;


11) мектептен тыс ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;


12) білім алушыларына және ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектептен тыс ұйымның оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;


13) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;


14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;


15) педагогикалық ұжымға оқушылардың отбасымен жұмыс істеуге жәрдемдеседі және қажет болған жағдайда мектептен тыс ұйымның әкімшілігімен бірлесіп жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді.


16) мектептен тыс ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі


17) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;


18) мектептен тыс ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі.


19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.


Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.


15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет