5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату 33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату: 1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша; 2) мектептен тыс ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде; 3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін; 4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады. 34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан: 1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде); 2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 5-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі-Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оның сайлау тәртібін айқындайды. 2. Қамқоршылық кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын (бұдан әрі-білім беру ұйымы) оның дамуына жәрдемдесетін және білім беру ұйымының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады: 1) тәуелсіздік; 2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі; 3) еріктілік; 4) ашықтық; 5) жариялылық пен шынайылық. 3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға; 2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.