БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖАҢАША ЖҰМЫС ЖАСАУ
Турсынова Елена Каирбековна
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ НҰРЖАН НАУШАБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫ (МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТЫМЕН) КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ» 93,62%
АҢДАТПА Қазақстанда қазіргі таңда инклюзивті білім беру қалай жүзеге асырылуда деген сұраққа, инклюзия қалыпты жағдайға жетіп, қоғамның гуманистік ұстанымына айналуы керек. Бұл мәселе заңды түрде шешілді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 26 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заңға қол қойды. Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі шегінде білім алу үшін жағдай жасауға міндеттенеді (8-бап, 1-1-т.). Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленуде. Мектепке дейінгі және орта мектептегі білім беру ұйымдары заң бойынша оларға қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдауы тиіс (26-бап, 2-т.).