Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
3- оқиға: 
– Маған осы кітапты оқуға бере тұршы. 
– Маған осы кітапты оқуға бере тұршы. Маған тапсырма беріп еді, кітапты 
еш жерден таба алмай жүрмін. 
– Тыңдашы, маған мына кітап өте керек болып тұр. Маған уақытша бере тұршы. 
Мен де өткенде саған математикадан есеп шығаруға көмектестім ғой. 
4- оқиға: 
– Есепті көшіріп алуға берші! 
– Маған дәптеріңді бер! Мен тек есептің шешімін қалай жазғаныңды қараймын. 
– Жандос, есепті шығаруға көмектесші. Бұл тақырыпты өткенде мен ауырып 
қалдым, жалғыз өзім жасай алмайтынымды сезіп тұрмын. 
Талдау: 
• Қай уақытта айтылған өтінішті орындағың келмеді? 
• Қандай жағдайда өтініш орындалады? 
• Адамның саған өтініш жасауы маңызды ма? 
• Не жеңіл: өтініш жасау ма әлде өтінішке жауап беру ме? 
Қорытынды жасайық, өтініш жағдайында қарым-қатынасқа не көмектеседі? 
Жауаптарды балалар параққа жазып отырады: 
Сабырлы, мейірімді дауыс; сыпайы сөздер; мейірімді, жылы көзқарас
бірқалыпты дауыс ырғағы; өтінішті анық та ашық жеткізе білу. 
Егер қандай да бір себептермен өтініш қабылданбаса, бас тартушылықты 
қабылдай білуге үйренген жөн. 
Өтіну – талап ету, емін – еркін, баса-көктеп талап ету, жағыну, мәжбүр ету 
емес. Өтіну – басқа біреуге, өзіңнің өтінішіңнің өте маңыздылығын, басыңа 
қандай қиындық туғанын инабатты түрде түсіндіре отырып, көмек сұрау. 
«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны 
Шеңбердің бойымен тұрыңдар. «Майра, мен саған қолымда бардың... 
беремін» дей отырып, көршісіне қатынас жасау арқылы ойынды бастайды. Басқа 
қатысушыға қандай сыйлық сыйлайтыныңды көрсетуің керек: үлкен немесе 
кішкентай, нәзік немесе мықты, ауыр немесе жеңіл. Сол сыйлықты ала отырып, 
дәл осылай басқа қатысушыға береді және т.б. 
Сабақтың рефлексиясы 
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім , білгім, жасағым келгені... 
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» 


24 
Жаттығудың қорытындысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет