Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-31



бет40/59
Дата17.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#108321
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-31



Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Діннің құрылымы мен қызметтері

Сабақтың мақсаты

Діннің адамзат баласының тарихында алатын орны,діннің тарихын білу, зерттеу әр оқушы үшін мәдени қажеттілік екенін түсіндіру, діннің қоғамда бірлік пен тұрақтылықты қалыптастырудың бірден-бір кепілі екендігі туралы мәліметтер беру.Діннің құрылымы және функциялары туралы мәліметтер беру

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру

-Оқушылар дін қалай пайда болды деп ойлайсыздар?
-Неліктен әр халықтардың діндері әр түрлі?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс
1 Дінтану пәні.
2 Дінтануыдың пайда болуы мен дамуы.
3 Дінтану және мифология, олардың қарым-қатынасы мен өзгешелігі.
Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық тұрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. 
Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық санамен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрған адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алғашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында және Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бұта» атты еңбектерінде дінді ғылыми, теориялық жэне эмпирикалық тұрғыдан зерттей бастады. Бұлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми әдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбұрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.
Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы. 
Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі құбылыс және осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.

1-тапсырма


-Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша қай кезден діннің дамуы болды?
-Қандай діни ғылымдар бар?
-Дінді зерттейтін ғылымдарды ата?
2-тапсырма
Сәйкестендіру кестесі

1

Теология

А

құдайсыздық

2

Дінтану

В

Сенімді ұялату

3

Атеизм

С

Арнайы ғылым

ЕҚБ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет