Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Бөлім: Азаматтық и патриотизм



бет13/33
Дата08.12.2023
өлшемі4,68 Mb.
#135424
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
6-сынып

Бөлім:

Азаматтық и патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:7

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Еңбекақы төлеу неге байланысты?

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға еңбекақының экономикалық мазмұн ерекшелігін, еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері мен мақсатын
және жұмысшылардың еңбекақысының әділетті төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі екендігін түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың экономикалық білімдерін арттыру


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу
б) оқушыларды түгендеу
в) сыныптың дайындығын бақылау
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Ой қозғау

Еңбек ақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Еңбек ақыны дұрыс төлеудің екі түрлі маңызы бар. Біріншісі жұмысшының ынталануын қамтамасыз ету, демек еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беру.


Екіншісі кәсіпорынның экономикасына оңды, не кері әсер етуінде. Егер еңбекақы әділетті төленсе экономиканың заңдылықтарына сәйкес келеді. Ол еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті туындату, бұлардың сақталуы оңды жағдай.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
• мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
• еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
• қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
• сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
• демалыс уақыттарына ақы төлеу;
• мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
• кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
• жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.




Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор:
өзгерістерін жіктейді
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет