Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-17
Бөлім:
|
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
|
Күні:
|
|
Сынып:7
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Банк кредиттері.
|
Сабақтың мақсаты
|
Банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операцияларын түсіндіру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
|
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
Балалар банк дегеніміз не? Қарапайым өз сөздерімен жауап береді.
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
.
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.Халық ауыз әдебиетінен алынған аңыз топтамалары.Қазақ әндерінің жинағы
|
Сабақтың ортасы
|
1) Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады.
2) Банктердің функциялары:
1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
4. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
5. Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
6. Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
7. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
8. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
- орталық эмиссиялық, эмиссиялық емес;
- коммерциялық депозиттік, инвестициялық;
- жинақ;
- арнайы бағытағы банктер.
3) Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
· Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
· Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
· Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
Еңбекақы, театрға бару, шәкіртақы, зейнетақы, ойыншық, әлеуметтік көмек,жалақы,киім-кешек,азық-түлік,дәрі,т.б.
-Балалар, бізде қазір экономикамызда қандай өзгерістер болып жатыр?
-Доллор, рубль өсіп жатыр.
Сондықтан, азық-түлік, киім, оқу құралдары қымбаттады. Отбасында да шығындар көбейеді. Сол үшін үйге келген кірісті үнемдеу керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |