Дескриптор:
өзгерістерін жіктейді
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»
|
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
ҚБ парағы
https://ust.kz/word/asyq_sabaq_qazaqstan_respyblikasynyng_banktik_juiesi-177783.html
|
Сабақ
тың соңы
|
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
«Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді
Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.
Чемодан- алған білімім болашақта қажет.
Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін.
Үй тапсырмасы: Өз отбасыңның бір айлық отбасылық бюджетін есептеп келесіздер.
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|
Ақшаны арнайы жинақ сандықшада жинауға болады. Одан бөлек, банктерден де жинақ шотын ашып, оны тиімді қолдануға болады.
Жинақ шоты дегеніміз не?
Жинақ шоты – белгілі бір мақсатқа сәйкес ақша жинауға мүмкіндік беретін шот. Картадағы ақша қалдығына сәйкес ай сайын белгілі бір пайыз мөлшерде ақша шотыңызға түсіп тұрады. Оны кез келген уақытта ала аласыз және түскен пайыз сіздің қаражатыңыз есебінде саналады.
Банктер жинақ шотын белгілі бір мақсат негізінде жинауды ұсынады. Тұтынушы не үшін, қанша және қашанға дейін жинайтынын өзі шешеді. Кейбір банктер бұл жинақ түрі «мақсаттық» деп аталады. Банк ай сайын салу керек мөлшерді есептеп береді. Қарапайым жинақтан айырмашылығы жоқ, тек ай сайын салып отыруы тиіс қаржы мөлшері көрсетіледі.
Жинақ шоты не үшін керек?
Жинақ шоты сізді артық шығындалудан сақтайды. Бұл шоттағы қаражатпен дүкенде, мейрамханаларда төлем жүргізе алмайсыз: «банк сіз үшін ақшаны тығып қояды». Автоматты түрде шотты толтыру қызметін іске қосып қойыңыз да, айлық жалақыңызда бұл қаражаттың барын естен шығарыңыз.
Соған қарамастан, жинақ шотын кез-келген уақытта қолдануыңызға болады (күнделікті шығынды есептемегенде). Мысалы, Түркияға жолдамаға жеңілдіктер жүріп жатыр делік. Сіз жинақ шотындағы ақшаңызды қолдана аласыз. Қарыздану немесе несие алудан өзіңізді сақтайсыз.
Оның үстіне, жинақ шоты қарапайым банк карталарына қарағанда қауіпсіз. Оны жоғалтып алудан қорықпайсыз, сайттар мен банкоматтағы қарақшылықтан сақтайсыз.
Қалай қолдану керек?
Айына бірнеше рет ақша алмаңыз. Кейде банк ең төменгі қалдық мөлшерге пайыз есептейді. Мысалы, ай басында 200 мың теңге, ортасында 100 мың теңге болып, аяғында 300 мың теңге болса, пайыз тек 100 мың теңгеге есептелуі мүмкін. Сондықтан, қажетті мөлшерде ақша жиналмайынша, ақшаны шешпеңіз.
Ірі сомадағы қаражат жинау. Көбірек ақша жинақталғанс айын қалдық бойынша пайыздық үлесті есептеу мөлшері арта түседі. Сондықтан, ай сайын салу керек қаражаттың мөлшерін сәл арттыруды ұмытпаңыз.
Банк хабарламасына мән беріңіз. Пайыздық мөлшерлеме банктің өз ерекшеліктеріне сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл туралы банк алдын-ала хабарлайды. Сондықтан, хабарламалардың бәріне мән беріңіз.
Ақша капиталын жинақтау
Ақша капиталын жинақтау нарықтық экономикада маңызды рөл атқарады. Тікелей ақша капиталын жинақтау процесінің алдында оны өндіру кезеңі болады. Ақша капиталы құрылғаннан немесе жасалғаннан кейін оны өндіріске қайта жіберілетін бөлікке және уақытша босатылатын бөлікке бөлу қажет. Соңғысы, әдетте, кредит-қаржы институттары мен бағалы қағаздар нарығы несиелік капитал нарығында шоғырланатын кәсіпорындар мен корпорациялардың жиынтық ақшалай қаражатын білдіреді.
Бағалы қағаздарда ұсынылған капиталдың пайда болуы мен айналымы нақты активтер нарығының, яғни материалдық ресурстарды сатып алу-сату жүргізілетін нарықтың жұмыс істеуіне тығыз байланысты. Бағалы қағаздар (қор активтері) пайда болғаннан кейін Капиталдың бөлінуі сияқты болады. Бір жағынан, өндірістік қорлар ұсынған нақты капитал бар, екінші жағынан — оның бағалы қағаздарда көрсетілуі.
Капиталдың осы түрінің пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтің күрделенуі мен кеңеюі салдарынан кредит ресурстарының барлық үлкен көлемін тартуға қажеттіліктің дамуымен байланысты. Осылайша, қор нарығы несие капиталы негізінде тарихи түрде дами бастайды, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу ақша капиталының бір бөлігін қарызға беру ретінде өзгеше нәрсе емес дегенді білдіреді.
Бағалы қағаздар нарығы орындауға тиіс негізгі міндет ең алдымен кәсіпорындарға инвестициялар тарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, бұл кәсіпорындардың банктік несиелермен салыстырғанда арзан капиталға қол жеткізуі болып табылады
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Достарыңызбен бөлісу: |