Білім беру ұйымының атауы «Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»



Дата18.11.2023
өлшемі41,15 Kb.
#124328
Байланысты:
Жоспар Адалдық



Білім беру ұйымының атауы

«Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Пәні:

Сынып сағаты

Педагогтің аты-жөні:

Абекенова А.М.

Күні:

12.10.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағаты тақырыбы:

«Адалдық – атадан қалған мұра» ұрпақтар сабақтастығын насихаттау

Сабақтың мақсаты

Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру
8 мин

Сабақтың басы


Жаңа білім
5 мин

Психологиялық тест


5 мин


5 мин
15 мин

Қорытынды


7 мин



Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сергіту сәтін өткізу.

Психологиялық тренинг



  1. «От, су, ауа»

  2. «Портрет»

Білу және түсіну
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Оқушыларды әр есікті таңдау арқылы қандай тұлға екенін анықтау
Видеоролик «Адалдықтың өтемі»
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу
1 – жағдаят
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
3 - жағдаят
Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
4 - жағдаят
Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
Өсiңiз, жетiлiңiз, тасқындаңыз,
Бірақ та биiкпiн деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәрiмiз бiр аспанның астындамыз.

Сiздiң ой бiздiң оймен бiрiкпейді,


Шайқаңыз осы өмірді жүрiп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сiз өлгенде қайтадан тiрiлтпейді.

Мұқағали Мақатаев.


Рефлексия: Алма ағашы


Оқушыларға сабақ соңында үш түсті “алма” беріледі, оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

«От, су, ауа», «Портрет»
тренингін ойнайды

Оқушылар әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы мәліметтер тыңдайды.


Презентациядағы психологиялық тестке жауап беру


Оқушылар видеороликті көріп болғаннан кейін өз ойларын айтады
Оқушылар жағдаяттарға байланысты өз ойларын толықтырады

Оқушылар сабаққа байланысты қорытынды жасайды



Интерактивті тақта

Ақ қағаздар


Презентация

Презентация
Видеоролик
Қағаздар

Қағаздар: жасыл түсті алма мен қызыл түсті алма




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет