Оқыту әдістерін тиімді таңдау және қолдану 1. Әдіс дегеніміз –
А) педагог пен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеті
В) танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жолдарын көрсететін логикалық категория
С) бұл мұғалімнен оқушыларға білім беруші ой ағыны бағыты
Д) барлық жауаптар дұрыс.
2. «Қай әдіс жақсы?» еңбегінің авторы:
А) Ы.Алтынсарин В) А.Байтұрсынов
С) Я.Коменский Д) Л.Занков
3. Көрнекілік әдістер тобына жататыны:
А) демонстрация, иллюстрация, кітаппен жұмыс
В) демонстрация, иллюстрация, бақылау
С) суреттер, түрлі жаттығулар, мәтінмен жұмыс
Д) барлық жауап дұрыс
4. Оқу-тәрбие үрдісін оңтайландыру, оптимизациялау теориясының авторы:
А) Ю.К.Бабанский В) М.И. Махмутов
С) М.Н. Скаткин Д) И.Я. Лернер
5. Дискуссия дегеніміз:
А) оқыту принциптері В) оқыту заңдылықтары
С) оқыту формасы Д) оқыту әдістері
6. Бейне әдісінің модификациясын көрсетіңіз:
А) «электронды» мұғалім бақылауымен оқыту В) дәріс
С) әңгімелеу Д) иллюстрациялау
7. Оқушылардың ойлауын дамытуға неғұрлым әсер ететін әдіс:
А) жоспар құру В) репродуктивті әңгімелесу
С) эвристикалық әңгімелесу Д) жатқа жаттап алу
8. Оқытудың практикалық әдісін көрсетіңіз:
А) мазмұндау В) тәжірибе
С) пікірталас Д) дәйек сөз келтіру
9. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің жолы:
А) оқыту әдістері В) өздігінен білімін көтеру
С) оқыту әдістемесі Д) өзін-өзі тәрбиелеу
10. Оқыту әдісін анықтайтын факторлар:
А) жас шамасы, оқыту мақсаты, оқу қабілеттілігі, оқу материалының көлемі мен күрделілігі
В) жас шамасы С) оқыту мақсаты
Д) оқу материалының көлемі мен күрделілігі
11. Жаттығу, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыс:
А) көрнекілік әдістер В) сөздік әдістер
С) практикалық әдістер Д) кітаппен жұмыс
12. Оқыту әдістерін жіктеудің негізгі шарты
А) әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі
В) әдістердің оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне сәйкестігі
С) әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сәйкестігі
Д) барлық жауап дұрыс
13. «Оқыту әдістері ішінде ғылымилық таным әдістерін көрсетіңіздер, білім алушылардың ойлауын дамытыңыздар, оларға ізденімпаздық, шығармашылық, танымдық еңбекке қарай бағыт беріңіздер» ережесі мына принципке жатады:
А) беріктік В) көрнекілік
С) ғылымилық Д) теорияның практикамен байланысы
14. Әдіс пен тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз?
А) екі ұғым бірдей В) тәсілдің әдіске қатысы жоқ
С) тәсіл - әдістің құрамды бөлігі Д) барлық жауап дұрыс
15. Өз тәжірибеңізде жиі қолданатын әдістеріңіз:
А) сөздік әдіс В) көрнекілік әдісі
С) практикалық әдіс Д) тағы басқа өз жауабыңыз ....