Білім беру жүйесін сапалы дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 1, Елбасы Н.Ә



бет2/27
Дата31.01.2023
өлшемі0,82 Mb.
#64171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Білім беру ж йесін сапалы дамыту м селесі аза стан Республикасы

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістері қолдану үрдісі.
Зерттеу пәні – қазақ тілін оқыту үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін интерактивті әдістердің дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау жолдары.
Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта интерактивті әдістер жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай интерактивті құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талдау;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану маңызын анықтау;
- «интерактивті әдіс» ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау;
- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздерін жасау.
- бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесін талдау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Оқыту әдістері дидактиканың ғылым ретінде қалыптасу сәтінен-ақ педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Я.А.Коменский, А.Дистервег, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов т.б. оқыту әдісінің негізін қалағаны белгілі.
Оқыту әдістерін ғылыми негіздеп, теориясын дамытқан Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак, Т.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников, М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, Н.П.Гончаров, И.П.Зверев, М.И.Махмутов.
Оқу-тәрбие үрдісін оқушының психологиялық ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырудың жолдары И.П.Подласый, Л.С.Выготский, В.В.Давыдовтың, ал ұлттық психология мәселелері Х.Досмұхамедұлы., М.Жұмабаев., Ж.Аймауытов., М.Мұқанов еңбектерінде талданған.
Ал Қазақстандық педагогтар Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова; Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев; Т.С.Сабиров, С.Ахметов т.т.б еңбектерінде де оқыту әдістері айрықша орын алады. Мәселен, Сабиров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері» деген еңбегінде практикалық әдістердің бір түріне – ойындарды жатқызды 8. Қазақ тілін зерттеу мәселесі төңірегінде докторлық диссертация қорғаған С.Рахметова, Г.Уәйісова, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, К.Жақсылықова т.б. еңбектері белгілі.
Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі – ақпараттық-мультимедиялық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану болып отыр. Оқытуда ақпараттық-мультимедиялық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Ю.Н.Егорованың, дидактикалық аспектілері Н.В.Клемешованың, тұжырымдамалық аспектілері О.Г.Смолянинованың т.б. еңбектерінде зерттелінді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми жаңашылдығы:
- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талданды;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану маңызы анықталды;
- «интерактивті әдіс» ұғымы ғылыми негізделіп, оның сабақтағы рөлі анықталды;
- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздері жасалынды.
- бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі талданды.
Осы жұмыстың практикалық маңыздылығы қазақ тілі сабағында интерактивті оқыту әдіс-тәсілдерін практикалық тұрғыда қолданудан; оқыту тәсілдерін өзгерту, толықтыру және жетілдіру мүмкіндіктерін нақтылаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет