2.3 Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің тиімділігін айқындау жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік зерттеу Зерттеу жұмысында ұсынылған теориялық деректерді негіздеу мақсатында эксперименттік тәжірибе жұмысы жүргізілді, онда бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің тиімділігін дәлелдеу көзделді Эксперименттің мақсаты алға ұсынылған болжамды тексеру және бағыттау, бекіту болып табылады, яғни, егер оқыту әдістерінің мәнін сипатайтын түсініктер мен деректерді меңгеру қамтамасыз етілсе; бір әдістілік пен біржақты асыра сілтеушіліктен арылуды көздейтін тәжірибелер пайдаланылса; оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру жолдары қолдау тапса, оқыту әдістерін мақсатты, жүйелі және жоспарлы ұйымдастырып зерттеуге болады, бұл бастауыш сынып оқушыларын оқытудың тиімді, интерактивті әдістерді таңдауға, жетілдіруге және қолдануға сәйкес келеді. Болжам нақты интерактивті әдістерді таңдай отырып, жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады 56.
Педагогикалық эксперименттің маңызы, мақсаты мен мазмұны, ішкі құрылымы мен олардың жүргізілу тәртібі және нәтижелері талданып, сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда интерактивті оқыту әдістерінің сапалылығы мен нәтижелілігі практика жүзінде сыннан өткізілді. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістерін таңдап алуда эксперименттен өткізілу жолы анықтау кезеңі, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрады. Олардың әрқайсысының өткізілу жүйесі сақталып, мазмұны нақтыланды.
Педагогикалық эксперимент тірек ретінде алынған Атырау қаласындағы №3 мектепте жүргізілді.
Экспериментті жүзеге асыру барысында қолданылды:
Оқушылардың сөздік қорын белсендендіруге бағытталған тапсырмалар.
Жүргізілген педагогикалық эксперимент барысындағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту үрдісін ұйымдастыру шеберлігі мен оқушылардың білім деңгейін талдау көрсеткіші оқыту әдістерін тиімді таңдау және қолдана білу білім сапасын көтеретіндігіне дәлел болды.
Жинақталған материалдарды қорытып, талдай отырып, келесі тенденцияларды байқадық.
Эксперименттің бірінші кезеңі - анықтау кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде интерактивті оқыту әдістерінің ерекшеліктері мен теориялық негіздемелері туралы танысулар жүргізіліп, мектеп жоспарынан тыс, өз тарапымыздан сауалнамалық тест ұйымдастырылды (қосымша А).
Сауалнамалық тестіге бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бұл әдіс мұғалімдердің оқыту әдісі туралы көзқарасын айқындады: 20 мұғалім оқыту әдісін теориясы мен практикасын байланыстырып, жете білу қажет десе, 28 практикалық тұрғыда әдісті жетілдіру қажеттігін, ал 42 оқыту әдістері туралы толығырақ білгісі келетіндігін жеткізді.
Педагогикалық эксперименттің бастапқы сатысы білім беру жүйесіндегі оқыту әдістерінің қазіргі жай-күйін ашып, сондай-ақ мұғалімдердің оқыту әдістерінің алуантүрі және олардың салыстырмалы айырмашылығы туралы білімдерінің өте жоғары деңгейде еместігін көрсетті.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде біз келесі міндеттерді қойдық:
Бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігін тексеру;
Бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарын құру;
тәжірибесінде дамыта оқыту жүйесімен оқыту әдіс-тәсілдерінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын бақылау.
Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігіне түйін жасайтын зерттеу үрдісінде алынған мәліметтерді математикалық өңдеу.
Қалыптастырушы эксперимент әдістемесі интерактивті оқыту әдістерін қолдануға негіз болатын формалар мен әдістерді қолданудан тұрады. Осы міндеттерді жүзеге асыру сынып сабақтарын ұйымдастыру арқылы жүрді.
Бақылау топтарында қазақ тілі пәні бойынша сабақтар дәстүрлі әдістермен (сынып жетекшісінің жоспары бойынша) жүзеге асты, ал эксперимент топтарында осы пән бойынша интерактивті әдістер таңдаулы түрде алынып жүргізілді.
Экспериенттің қалыптастырушы кезеңінің материалдары 4 сынып оқушыларының ауызша және жазбаша жұмыс жасау барысында интеллектуальды деңгейінің көрсеткіші ретінде шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Интерактивті сабақты құру негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың қажеттілігін айқындайтын әдістемелік тұжырымдама жатыр. Осы орайда бірқатар сабақ үлгілерін қарастырайық.
Ашық сабақ 4 «б» сынып Қазақ тілі