«Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация (лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И.Шамова, П.И.Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген. Ал, ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады . Инновация - модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.Модификациялық инновация - бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты психолог, педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам білім беру орындарының алдына:
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды», деп атап көрсетті. Осыған орай елімізде білім беру саласын дамытуға арналған іс-шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау; оқытудың ииновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген болатын.
ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, латын тілінінен аударғанда «жаңару», «өзгеру», ал ағылшын тілінен аударғанда «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар» деген ұғымды білдіреді. Алайда, «Инновация » ұғымына ғалымдардың көбі әр түрлі анықтамалар берген. Мәселен, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» - дейді. Ал Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама беріп өткен ғалым Немербай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелер – білім беру мекемелернің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтама берген. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, технологияда, оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, білім беру жүйесін басқаруда көрніс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі - (жеке – дара, бір-бірімен байланыcқан); жүйелі түрі -(мектепті толық қамтитын).
Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару, оқушының білімге ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашыл қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістерімен құралдарының табыстарна байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологиялардың маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
1) Технологиялық сызба (карта) технологиялық үдерістің оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі болуы қажет.
2) Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету үдерісінің ғылыми негіздемесі болу шарт.
3) Педагогикалық технологияның жүйелік сипаттары: үдерістің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығының болуы қажет.
4) Оқу үдерісін жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
5) Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет.
6) Педагогикалық технологияны басқа білім беру ордасында басқа субъектілердің де пайдалануы.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында балалармен меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны ұлғайып өсіп келеді. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі өзгеріс үстінде болады. Заман өзгерген сайын білім беру жүйесінде қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:
• проблемалық оқыту;
• дамыта оқыту;
• деңгейлеп оқыту;
• дәстүрлі оқыту;
• кейс-стади;
• сұрақ-жауап ойындары;
• цифрлық білім беру ресурстары.
Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімджер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын ескере отырып жасаған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясыұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайм ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән.
Дәстүрлі оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білімш, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді.
Цифрлық білім беру контентін электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік зерттеулер құрайды.
Цифрлық білім беру міндеті:
Оқытушының сабаққа дайындығына көмек.
Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмек.
Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмек.
Цифрлық білім беру түрлері:
Демонстрациялық – оқушы тек бақылаушы ролінде болады.
Интербелсенді (ақпараттық-іс-әрекеттік) – оқушы тек бақылап ғана қоймай, сабақ барысында ресурс сұрақтарына жауап іздеу, ресурс көмегімен практикалық және лабораториялық тапсырмаларды орындау, электронды анықтамалардан керегін іздеу, интербелсенді оқыту ойындарын ойнау, топтық жұмыс (мини-жобалар) орындау, ресурстың бағалау мүмкіндігіне ие болады.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: балалардың оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, зерделеу қабілетін дамытуды, салыстыру, байқағыштық қасиеттерін үйренеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Қорыта келгенде, кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.