Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері



Дата19.10.2023
өлшемі15,85 Kb.
#119194
Байланысты:
Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері


Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері
Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады:
I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізілген жаңалықтардың нəтижесін бағалау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды
талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

- оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;


- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы
оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет