Кесте 2 – Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістері
Аталуы
|
Мақсаты
|
Мәні
|
Механизмі
|
Проблема
лық оқыту
|
Оқушылардың танымдық белсен-ділігін, ізденімпаз-дығын қалыптас-тыру
|
Оқушылардың танымдық іс-әре-кеттің мақсатын түсініп,оны жоспарлап, ұйымдастыру, нәтижеге жету
|
Ізденімпаздық, танымдық міндеттер қойып, оны жүзеге асыру
|
Модульдік оқыту
|
Оқытуды оңтай-ландыру,тұлғанның мүмкіндіктеріне,
даярлық деңгейін бейімдеу
|
Жоспарланған жұмыс бағдарла-масын жасауы және өз бетінше жұмыс істеуі
|
Проблемалық әдіс, жеке қарқынмен жұмыс
|
Дамыта отырып оқыту
|
Оқушы жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту
|
Білімін, біліктерін пайдалана білу және шығармашылық әлеуетін жетілдіру
|
Оқушыларды түрлі танымдық іс-әрекет-ке тарту, оны ұйымдастыруын қадағалау
|
Жекелеп (даралап) оқыту
|
Қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу
|
Бағдарламалық материалды түрлі жобадағы деңгейде ұғыну, бірақ міндетті деңгейден төмен емес
|
Жекелеп оқыту әдістері
|
Белсенді оқыту
|
Танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру
|
Болашақ кәсіби қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұнын модельдеу
|
Белсенді оқыту әдістері
|
5. рефлексивті, оқушының ізденіс жасауы, жоспарын құрып, саналы іс- әрекетке көшу;
6. теориялық, игерген білімі мен біліктері нәтижесінде танымдық тапсырмаларды орындау;
7. шығармашылық, оқушының өз бетімен мәселені қойып, оның орындалу жолдарын табу, жаңа нәтижеге жету.
Танымдық іс-әрекет күрделі процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш- жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті.
Оқушылардың дербестік қабілетін дамытуда проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің, пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу процесінде оқушылардың ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, оқып-үйрену барысында техникалық құралдарды, негіздік конспектілерді, тапқырлық ойындарын және т.б. кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше зор. Демек, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру-оқу процесін жетілдірудің басты шарты ретінде қарастыруға болады.
Оқу процесіндегі мұғалімнің басшылық, бағыттаушылық ролі зор. Сондықтан мұғалімге да қояр талап үлкен. Мұғалім оқу-тәрбие жұмысының танымдық, білімдік міндеттерін нақты көрсетілген жоспарын құруды, оның дидактикалық мақсатын, ұйымдастыру технологиясын, көрнекіліктерді, түрлі құралдарды сабақтың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізетіндей қолдана білуі керек (Р.С.Омарова).
Мектептерде оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарының түрлі формаларын, әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану нәтижесінде оқушылардың іс-әрекетті ұйымдастыру процесі жүзеге асып, оқушылардың жеке тұлғалық мынадай қасиеттерінің дамуына түрткі болады:
танымдық қасиеттері;
шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттері;
ұйымдастырушылық қасиеттері.
Қазіргі жағдайдағы білім мазмұнын жетілдіруге байланысты қадам бұл көрсетілген топтағы қасиеттердің нақтылаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан осы мақсатта шетел және отандық ғалымдардың еңбектерін талдап мәселенің жаңа қырларын ашуға талпыныс жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |