Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет34/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Жүйелілік ұстанымы - жоспарлау субъектілерінің оқыту үрдісін өзара байланысты және өзара әрекеттес компоненттер жиынтығынан құралған күрделі жүйе ретінде қарастыруын білдіреді. Олар: мұғалімдер мен оқушылардың жеке және ұжымдық мүдделері, қажеттіліктері, қызығушылықтары, бірлескен әрекеттерінің мазмұны, ұйымдастыру формалары мен амалдары, оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, талдау, бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері.

Нақтылық ұстанымы - оқушылар ұжымда жүргізілген, немесе үлгі бойынша ғана тапсырмаларды айнытпай көшіріп алудан аулақ болуды көздейді. Жоспарлау бойынша мұғалім сыныптың өзіндік ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, даму деңгейін есепке алуы тиіс. Өйткені оқу-танымдық іс-әрекет формалары мен әдістерін дұрыс таңдау нақтылы бір топтағы немесе кластағы педагогикалық жағдайдағы өзіндік ерекшелігін саналы түсінуіне тікелей байланысты болады.

Оңтайлылық ұстанымы - оқу үрдісіндегі оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру үш маңызды жағдаймен байланысты: біріншіден, мұғалім оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырудың ең оңтайлы әдістерін табуы тиіс; екіншіден, осы бірлескен әрекет нәтижесі оқыту мен тәрбие үрдісін құрудың ең оңтайлы модель болуы керек; үшіншіден, мұғалім ауыл мектебі жағдайына сәйкес, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің перспективалық бағдарына сай нұсқасын таңдауы тиіс.

Даралық ұстанымы - әр оқушының жеке басының дамуы – басты міндеттердің бірі екенін, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетте оқушылардың даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алуды білдіреді.

Ғылымилық ұстанымы - мұғалімнің жоспарлауда оқушы дамуы мен оқытудың мәні, заңдылықтары, танымдық процестері туралы ғылыми білімге, қазіргі педагогикалық тұжырымдарға, Отандық және шет елдік ғалымдардың технологияларына сүйенуін талап етеді.

Үздіксіздік ұстанымы – мұғалім жоспарлай отырып, оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері, талап-тілектері мен құндылық бағдарға сәйкес жұмыс мазмұнын үнемі жаңартып, жетілдіріп оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына оңды өзгерістер енгізе отырып, ізгілікті қарым-қатынас жасауын қарастырады.

Танымдық ізденіс-күрделі процесс, ол әдетте, проблемалық ситуациядан, проблемалық мәселені қоюдан, оны жоспарлаудан басталады. Проблемалық ситуация, қызығу мен эмоциялық өзара шарттас құбылыстар, олар оқушылардың еріктік күш-жігерімен қоса, оның танымдық қызметін белсендірудің рациональдық және сезімдік жақтарын бейнелейді.

Мұғалімнің оқытуды және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы, қадағалаудағы және нақтылаудағы әрекеттерінің жиынтығы дидактикалық процестің негізін құрайды. Бұл процестің тиімділігі тиісті ұйымдастыру формаларын, әдістемелік құралдарды және оқыту әдістерін таңдау және жүзеге асырумен анықталады. Оқу процесі - өзіне мақсат, қызмет процесін, сондай-ақ осы қызметті басқаруды қорытатын мақсатты танымдық қызмет. Оқу процесінің әрбір компоненті, бәрінен бұрын, мақсат, мазмұн және бүкіл педагогикалық іс-қимыл әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі. Әдістемелік талаптарды жүзеге асыру тиісті технологиялар арқылы жүзеге асады.

Оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мақсаттардың, жоспарлардың және пәннің бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі т.б. анықталады. Сонан соң оқу әдіс-тәсілдері таңдалады, танымдық іс-әрекеттің формалары, құралдары анықталады. Танымдық іс-әрекетті жетілдірудегі оқыту технологиясының негізгі белгілері мыналар:

1. жаңашылдық-оқыту бағдарламасын жаңартуға, яғни ғылым жетістіктері мен оны педагогикалық практикада пайдалану арасындағы алшақтықты жүйелі түрде азайтуға ұмтылыс жасау;

2. оңтайлылық-оқу-тәрбие мақсаттарына бір мезгілде уақытты үнемдеу және оқытудың жоғары сапасы сияқты шарттарды ескере отырып, оқушылар мен мұғалімнің мүмкіндігінше аз күш жұмсауы арқылы қол жеткізуге ұмтылыс;

3. ықпалдастыру-әр ғылым саласындағы жаңалықтарды, жетістіктерді біріктіру нәтижесінде оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ықпал ету;

4. ғылымилық-оқыту процесінің мазмұнын, формалары мен әдістерін, тиімділігі мен мүмкіндіктерін, даму жағдайларын зерттеу, ғылыми тұрғыда негіздеу, практикада қолдану мүмкіндіктерін көрсетіп беру;

5. мұғалім мен оқушының танымдық іс-әрекетін бағдарлау, яғни оқу процесін тиімді ұйымдастыру, оны тиянақты жобалау;

6. оқыту құралдарын, материалдарын іріктеу-оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен оқу материалдарын, сондай-ақ оқушылардың танымдық ізденімпаздығын жетілдіретін әдіс-тәсілдерді пайдалану.;

7. озат тәжірибелерді пайдалану негізінде оқытуды ұйымдастыру-жаңа жағдайда әдіс-тәсілдер, құралдарды пайдалана отырып, педагогикалық идеяларға, мұраларға зор маңыз беру;

8. оқытудың жоғары сапасына жету, сындарлы бағалау-оқу процесін бақылау әдістерінің бүкіл кешенін қамтиды. Олар бақылау жүйесін жасау, мақсаттары мен әдістерін айқындайтын, белсенді іс-әрекет пен техникалық құралдар, компьютерлер негізінде бағалау бағытында дамиды.

Оқу-танымдық әрекет мазмұны алуан түрлі материалдарды меңгеруде оқушылар іске асыратын танымдық қызметтің сипатымен және осы қызметті ұйымдастыратын мұғалім әрекетінің сипатымен ерекшеленеді (2- кесте).

Мектептердің алдында тұрған жаңа талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістерін іздестіруде. Міне, сондықтан танымдық іс-әрекетте біліктерді дамытудағы белгілі әдістердің ролін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл-ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек. И.П.Павлов: «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ол нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді»-деген болатын.

Оқушының танымдық іс-әрекеттегі тапсырманы орындау жағдайы түрліше болады:

1. тапсырманы орындаудағы келеңсіздік, оқушы танымдық іс-әрекетке енжар, қызығушылық танытпайды;

2. формальді, оқушының іс-әрекеті тапсырманың мақсатқа бағытталған шешімін табуға арналмаған;

3. репродуктивті, тапсырманы үлгі бойынша орындауы;

4. интуитивті, оқу-танымдық тапсырмаларды орындауға көшу, бірақ дербестігі байқалмайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет