Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау Бағалау: Бұл не үшін қажет?


Статистикалық деректерге сәйкес 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жалпы санының (2 609 612 адам) нәтижесі бойынша



бет5/13
Дата08.11.2022
өлшемі3,78 Mb.
#48385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
181590.pptx (1)

Статистикалық деректерге сәйкес 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жалпы санының (2 609 612 адам) нәтижесі бойынша:
  • орта білім беру жүйесіндегі 47,1% оқушылар (1 228 164 адам) оқуларын «үшпен» аяқтады;
  • 35,4% оқушылар (924 695 адам) – «төртпен» аяқтады;
  • 17,5% оқушылар (455 541 адам) – «беспен» аяқтады;
  • 0,1% оқушылар (1212 адам) – екінші жылға қалдырылды.

  • Оқушылардың 50%-ы орта мектепті «үштік» бағамен аяқтайды.

Бағалау жүйелеріндегі айырмашылықтар


Сипаттамалар

Нормативті бағытталған бағалау
(қазіргі таңда орын алатын жүйе)

Критериалды бағалау
(мазмұнды жаңарту шеңберіндегі жүйе)

Оқушылардың нәтижелерін салыстыру аймағы

Оқушылардың оқу жетістіктерін басқа оқушылардың оқу жетістіктерімен салыстыру

Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерге негізделген күтілетін нәтижелермен салыстыру

Бағалаудың түрлері

Ағымдағы бағалау – мұғалімнің жүйелі түрде бағаны тіркеу арқылы үнемі жүргізіп отыратын бағалауы

Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа
да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз
ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді)
Жиынтық бағалау- оқушылардың белгілі бір оқу кезеңін аяқтағандағы оқу жетістіктерінің деңгейі (бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау)

Қорытынды бағалау нәтижесі

Оқушының барлық бағалары орта арифметикалық негізде қойылады

Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағаның пайыздық ара қатынасы ретінде қойылады.

Мазмұн мен бағалаудың өзара байланысы

Мақсаттардың жалпыланған тұжырымдамасына байланысты оқу мақсаттарына жету жолдарын көрсетпейді

Мақсаттарға және күтілетін нәтижелерге жетуді көрсетеді

Бағалаудың бағыты

Ақпараты аз баға алу
(бағаны сандық түрде білдіру)

Мазмұндылығы мен толықтылығымен ерекшеленетін күтілетін нәтижелерге жету жайында пайымдау

Мұғалім тәжірибесіндегі бағалау үдерісінің сипаттамасы
  • «жарысу»
  • шектеулі ақпарат беру
  • шәкілдің «өрескелдігі»
  • нормалар мен критерийлердің жөнсіздігі, олардың жабық болуы
  • «азайту» әдісі
  • шешім қабылдау субъективтілігі және артық күтілімдер
  • уақыт факторын қолданудың ақталмауы
  • ақпараттың ашықтығы мен оқу үдерісіне сай талаптар, нормалар, критерийлер және бағалау рәсімінің айқындылығы
  • оқуға қызығушылықты ынталандыру,
  • даму жолдарын ұсыну,
  • қойылатын бағалардың мәнін түсіну


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет