Білім беру мазмұнының компоненттері, оны іріктеудің принциптері мен өлшемдері



Дата03.09.2022
өлшемі18,91 Kb.
#38383
Байланысты:
Білім беру мазмұнының компоненттері


Білім беру мазмұнының компоненттері, оны іріктеудің принциптері мен өлшемдері
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі

XVIII ғ. соңы XIX — басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.


Біріншісін дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп атаған. Оны жақтаушылар оқыттудың мақсаты ғылымның әртүрлі санасынан кең көлемде оқушыларға білім беру деп есептелген. Бұл пікірді XVII ғ. Я.А.Коменский өзінің көп жылдық өмірін арнаған оқулығында оқушыларға қажетті білімді енгізуді көздеген.
XIX ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырыдама бүгінгі күнде де өз жақтастарын тапты. Кейбір ақпаратқа толы оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнына талдау жасағанда оқушылардың меңгеруі өте қиын болатындығы айғақталды. Білім беру мазмұны формальдық теория бойынша немесе дидактикалық формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму қабілеті ретінде қарастырды. Сондықтан оқу құралын таңдауды негізгі өлшемі классикалық тілдер мен математикада оқу пәнінің дамытушылық құндылығы болып есептеледі. Дидактикалық формализмнің теориялық негізін игерілген іс-әрекет, білім және іскерлік құрайды.
Дидактикалық формализмді жақтаушылар ерте заманнан белгілі, мысалы Гераклиттің ойьшша «білімі көптік ақылды емес» Цицеронда осындай пікірде болған. Жаңа кезеңде дидактикалық формализм пайда болды, оның негізі И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. Оның пікірі бойынша оқытудың негізгі мақсаты «оқушылардың дұрыс ойлауы немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Германияда бұл теорияға жақын болған А.Дистервег,ол өзінің «Неміс ұстаздарына басшылық» — деген еңбегінде (1850 ж.) өз көзқарасын білдіреді. Формальдық теорияны жақтаушылардың еңбегі білім беру мазмұны оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына, ес ойлау тағы басқалар қабілеттеріне көңіл бөлуі. Бұл теорияның әлсіздігі оқу бағдарламаларында тіл, математика пәндері көрініс тапқан. Осыған сәйкее (кұбылыстар мен заттардың көріну процесстері) оқушының ойлау қабілетінің дамуына, қалыптасуына, білімді игеруіне әсер етеді. Бұл екі жақты диалектикалық тәуелділік энциклопедизмді жақтаушыларға түсініксіз болды.
Оқытуды анықтау оның мазмұны арқылы формализмді жақтаушылар арқылы емес, оқытудың мәнін субъективті процессуальды жағынан жоғары бағалауы жеткіліксіз еді. Екі теория да К.Д.Ушинскийдің ғылыми сынына ұшырады. Ол кісінің айтуынша «парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» — сондай-ақ мектеп адамды біліммен қаруландырып, сол байлықты қалай қолдануды үйретеді дейді. Орыс педагогикасында К.Д.Ушинскийден бері карай материалдық жэне формальдық тұрғыдан идеямен қамтамасыз ету бірлігі білім беру мазмұнын таңдауда қарастырылған.
Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда білім берудің мақсаты -қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның іскерлік, білім. дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам — қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын динамикалық жүйе. Тұлғаның күштілігі уақыт өзгеруіне байланысты және субъектінің қасиеті адамның (онтогенетикалық) организмінің дамуына сәйкес. Ол іс-әрекет жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда субъектінің дамуы іс-әрекеттің жемісі. Іс-әрекет түрлері (еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай жасау туралы сөз болып отыр.

Осыдан барып білім берудің мазмұнын анықтайтын тұлғаның іс-әрекеті болып табылады. В.С.Ледневтың тәжірибесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мазмұнын анықтауға болады дейді. В.В.Краевскийдің — педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол — тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі ушін дәстурлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына өндіру қажет дейді.


Оқытудың процессуалдық және мазмұндық бірлігі принципі жалпы білім беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік — ғылыми бағдарлы болып келеді. Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу процессті жүзеге асыра алмайды. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейдс оқушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оку пәнін теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы — білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең негіздеу арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.
Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің құралы болып табылады. Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылықпен оқу ақпарат құралдарын шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады. Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет