Пән атауы: Математиканы оқыту әдістемесінің теориясы мен әдістемесі
Тобы: МК 215
Күні: 06.10.2020
Сабақтың типі: Жаңа білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру 1.1. Математиканы есеп арқылы оқытудың мақсаттары
1.2. Математикалық ұғымдарды меңгеруге арналған есептер.
1.3. Математикалық іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер.
1.4. Жаңа тақырыпты оқып – үйренуге және оған алдын-ала даярлауға арналған есептер.
1.1. Күнделікті өмерде әрбір адамның алдына шешуді қажет ететін жәйттер кездесіп отырады.Өмірдің есебі алдын ала жоспарланған немесе кенеттен шешуді қажет ететін жоспарланбаған болуы мүмкін. Қандай жағдайдада оны шешу адамнан шығармашылық қабілетті, тапқырлықты қажет етеді.
Математикалық есеп дегеніміз – математикандағы заңдылықтар,ережелер мен әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикалда қолдана білуге дағдыландыратын, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация.
Математиканы есеп арқылы оқытудың мақсаттары:
1)оқушыларды математикаға қызықтыру;
2)математикалық қатынастарды түсіну және жаңа үрдістерді ашу;
-жаңа математикалық ұғымдар мен мағұлматтар үйретуге;
-практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға;
-білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеруге;
-проблема қою және проблемалық ахуал туғызуға т.б. болады.
Адам өмірінде кездесетін әртүрлі есептерді (проблемаларды) шешу үдерісінде дұрыс шешім қабылдау математикалық ойлау қабілетіне байланысты.
Оқушы есеп шығарғанба алған мағұлматтарын бағалап, қорытындылап отырған жағдайда олар есеп арқылы білім алады, яғни есептің көмегімен оқиды деп түсінеміз. Сондықтан да есептің математиканы оқытуда рөлі аса зор.
Мектеп курсындағы математиканы жаңа сабақты терең түсінуге және бағдарлама бойынша көзделген математикалық білім мен білікті меңгеруге жеткілікті есептер мен жаттығулар берілген.
Есептер оқушыларға проблемалық ахуал туғызу арқылы теоремаларды дәлелдеуге даярлайды.
Мектеп оқушыларының күнделікті математикалық есептер шығара білулері, олардың математикалық білім деңгейі, математикалық ойлау қабілеттерінің дамығандығын көрсетеді.
Оқушылардың шығарған әрбір есебі олардың білімін тереңдетіп әртүрлі проблемалық жағдайларда шешім табуға үйретеді.
Оқушылардың өздігімен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен проблемалық есептер шығарған пайдалы. Есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі. Себебі есеп шығару:
д) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту; т.б үшін пайдаланылады.
Есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландыру барысында олардың математикалық қабілеттерін дамытып, қалыптасқан қабілеттерін, іскерліктерін жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі.