|
Бағалауға қойылатын талаптар
|
бет | 17/18 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 0,83 Mb. | | #128814 |
| Байланысты: Бағалау өлшеміБағалауға қойылатын талаптар - 1. Дұрыс орындалған тапсырмаға баға қою және мадақтаумен ғана шектелу.
- 2. Сабақ барысында сайыс тапсыпмаларын сирек қолданып, студенттерді өз жетістіктері мен нәтижелерін талдауға және салыстыруға үйрету.
- 3. Студенттің қатесін бірден сынға алу оның оқу әрекетіне кері әсер тигізетінін есте сақтау.
Бағалауға қойылатын талаптар - 4. Әр студенттің құзыреттілігі мен шеберлігін көрсетуге ықпал жасау үшін берілетін тапсырманың деңгейін қадағалау.
- 5.Студенттердің ойлау қабілетін дамытатын және қызығушылығын оятатын тапсырмалар таңдау.
- 6.Студенттерге жұмысын жетілдіруге мүмкіндік беру және белгіленген уақыттан бұрын тапсырылған жұмыстың бағасын көтеріп қою.
Өзара бағалау студенттердің шығармашылық жұмысын (шығарма, эссе) бағалауда қолданылады.
Қолдану барысы: - Оқытушы студенттерге бір-бірінің жұмысын тексеруге ұсынады.
- Кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
- Жұмысты толықтыруға уақыт беріліп студентке қайтарылады. Келесіде оқытушы өзі тексеріп жұмыстың бағасын қояды.
жалғасы - Кері байланыс оқытушыдан емес, топтас студенттен болғандықтан сын жеңіл қабылданады.
- Студенттердің бір-біріне берген бағасы көп жағдайда нақты, тура және психологиялық жағымсыз әсері төмен болады.
- Кері байланыс екі студентке де пайдалы: студент бірге оқитын топтас студенттің жұмысын талдай отырып өз жұмысының орындалу деңгейін түсінеді.
Өзін-өзі бағалау - Өзін-өзі бағалау – бұл студенттің өзінің күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен проблемалары туралы мәлімет жинап, талдауына бағытталған процесс.
Студенттің өзін-өзі бағалауда қолданатын әдістің бірі – SWOT талдау. Бұл: - Strengths (күшті жақтары)
- Weaknesses (әлсіз жақтары)
- Opportunities (мүмкіндіктері)
- Threats (қауіптер немесе проблемалары)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|