Бихевиористік (рационалистік, тәртіптік) парадигма , оның негізінде білім немесе мәдениет емес, психологиялық бейімделу – бихевноризм жатыр. Бихевноризм – адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясын қарастыратын, тәртіптің психологиялық теорисы: стимул – реакция. Бұл теориямен мектептің рационалдық моделі байланысты, модель мектепті – ортаға бейімделудің білім беру механизмі ретінде қарастырады. Білім берудің басты принципі – процестің сыртқы шарттарын реттеу және оған қатысушылардың кері жауабын реттеу болып табылады. Бұл парадигма мектептегі оқушының тиімді тәртібін қалыптастыру мақсатымен білім алу жолы деп қарастырып, ұстанымы келесідей болыды: «Мектеп – фабрика, ол үшін оқушы - «шикізат»».
Оқытудың негізгі фазалары:
Қатысушылардың бақыланған іс-әрекеттерінің жинағы ретіндегі эталон негізіндегі оқытуды жоспарлау;
Диагностикалық: қатысушының білімінің, дағдыстың бастапқы деңгейінің диагностикасы;
Ұйымдастырушылық: қатысушыларға олардың білу керек нәрселерін түсіндіру;
Оқыту нәтижесін бағалау және оны алғашқы эталонмен салыстыру, тест жүргізу.
Блумның білімді толық игеру концепциясының ерекшеліктері
― барлық оқушыларға міндетті жоғарғы деңгейдегі оқу нәтижелерін тіркеу;
― оқу нәтижесіндегі айырмашылықтар жалпы жоғарғы деңгейдегілердің шегінен тыс болады;
― оқытушы өзінің оқушыларының оқу материалын толығымен игере алатындығына ойша сенуі қажет.
Блумның айтуы боынша «барлық балдардың оқу үлгерімі өте жақсы деңгейде болады.» Орташа және әлсіз оқушылардың мүмкіндіктерін интенсивті дамыту – Блум концепциясының негізгі мәні болып табылады.
Методикасы келесілерден тұрады:
Бүкіл курс (класс) үшін толық игеру критерийлерін нақты анықтау, соның негізінде оқытушы оқыту нәтижелерінің тізімін жасайды;
Оқу бірліктері, яғни оқу материалының тұтас бөлімі көрсетіледі, оның да игеру нәтижесі шығарылады.
Әрбір оқу бірлігі бойынша оқыту толық игеру бағытында жүргізіледі, игеру толықтылығын бағалау.