Дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. Дамытушы оқу технологиясы - мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымалы
(Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин және т.б.). Жауапты әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз өз әрекеттерін сезінуі түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы. Педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын. Зерттеулер нәтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші роль теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды. Проблемді оқыту технологиясы -оқу ізденістер барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,қызығуы, ой-өрісі,шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды.
- бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану.
Қашықтықтан оқыту технологиясы Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді. (Д.Б Эльконин )