«Білім беру психологиясы»


ДӘРІС 7. ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ



бет14/24
Дата13.02.2022
өлшемі49,63 Kb.
#25374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
ДӘРІС 7. ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: психологияны оқытудың негізгі әдістерін зерттеу.

Педагогикалық практикада оқыту әдістері деп оқытушының оқыту іс-әрекетінің тәсілдері, оқытушының оқу мақсаттары мен дидактикалық міндеттерге қол жеткізу тәсілдері түсініледі. Дәстүрлі түсінікте оқыту әдістері — бұл студенттерге білім мен дағдыларды беру тәсілдері, қазіргі түсіндіруде-оқушылардың білім мен дағдыларды игеруіне бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері. Әдістер нақты әдістерде, іс-әрекеттерде, ұйымдастырушылық нысандарда жүзеге асырылады.

Білім мен дағдыларды алу көзі бойынша оқыту әдістерін жіктеу кең таралған. Оған сәйкес мыналар бөлінеді:

1.Бағдарламаланған оқыту әдістері. Бағдарламаланған оқыту әдістемелік құралдары.

2.Мәселелік оқытудың әдістері (мәселелік сұрақтар мен эвристикалық әңгімелесу).

3.Интерактивті оқытудың әдістері (пікірсайыс, рөлдік оқу ойыны, треннинг, дөңгелек үстел әдісі, «ми шабуылы» және т.б.)

4.Ойын – психологияны оқытудың белсенді әдісі және формасы ретінде. Ойын түрлері: нақты кәсіби жағдаяттарды талдау, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар.

5.Психологияны оқыту әдістемесіне рөлдік ойындарды, театралдық педагогика элементтерін, ойын этюдтері мен психотренингтік жүйесін енгізу.



Белсенді оқыту — қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен іте жиі қойылып отырады.

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек: дайын білімді жаттаудан жеке басты қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістері бойынша оқытушы оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс-әрекеттік процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс-әрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.

Бұл жағдайда оқытушуның ролі студенттің оқу іс-әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде болады. Мұндай ұйымдастырудың себебінен студент ақпаратты пассивті қабылдаушы емес, керісінше ақпаратты белсенді «табушы» және індіруші ретінде болады. Мұндай оқу іс-әрекетін қамтамассыз ететін оқытушының әдістерін оқытудың белсенді әдістері деп атаймыз. В.Я.Ляудистің берген анықтамасы бойынша: «оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады ».

Жоғары оқу орындарындағы оқу бастауыш мектепте және орта мектепте және де мектепке дейінгі оқытудан әлдеқайда ерекшеленеді, оның сырттай және ұйымдастыруымен ғана емес, сонымен қатар іштей және психологиялық айырмашылығы бар. Студент ізінің оқу іс-әрекетінде жаңа жоғары сатыға кітеріледі – мұғалімнің күнделікті қадағалауымен және басшылығымен алынатын оқудан әлемнің ғылыми жетістіктерін іздігінен меңгеруге ауысып, оқу және ізіндік оқу әдістерін меңгереді. Оқытушы студентке ізіндік шығармашылығының потенциалын ашуға ізінің шешімін табу үшін зерттеушілік бабын талап ететін оқу есептерін қоя отырып тек кімектеседі.

Студенттің оқу іс-әрекеті салдарынан оқытушы емес жоғары квалификациялы маман ретінде ол ізін — ізі қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет