Дыбысарқылы санды тап Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Қажетті құралдар: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
Ойын барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.
Тез ойла Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Қажетті құралдар: Топтағы заттар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Қанша? Қандай? Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 2. бірінші, екінші ұғымдарымен таныстыру.
Қажетті құралдар: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)
Ойын барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.
Әрі қарай кері сана Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Қажетті құралдар: Доп, сандық карточкалар.
Ойын барысы: Тәрбиеші 10 көлеміндегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, допты лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
Жазылмай қалған сандарды ата Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Қажетті құралдар: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.