Шапалақта
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша нұсқауы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, балалар тек қане «он» сөзіне шапалақтауы қажет. Қателескен бала ойыннан шығады.
Естігенде шапалақта Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.
Бірінші дыбысты ата Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.
Ұйықтама, сөзді тез ата!
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестеуін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Қажетті құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
Қайтала
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қажетті құралдардар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.