Қуыршақ қонаққа дайындалуда Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
Ойын барысы: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
Тапсырманы орында Мақсаты: үлкен және кіші заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Қай қолымда көп Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
Ойын барысы: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
Сипаттамасы бойынша тап Мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: ойыншықтар жануарлар, құстар.
Ойын барысы: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.
Көп және біреу Мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Қажетті құралдар: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
Түрлі–түсті жолақтар Мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.
Ойын барысы: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.
Ұзын және қысқа Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойын барысы: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға беру.
Кеңістік Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.