Үй құрлысының ретін көрсет Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Бет орамалға лайық жамауларды табу Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Жұбын тап Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Әдемі кілемшелер Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Таныс пішіндер доминосы Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Гараждар Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша суреті бар меңгіріктер (рульдер), дәл сондай суреті бар гараждар.
Ойын барысы: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар меңгіріктерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, меңгіріктің суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
Өз үйіңді тап Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.
Зейінді бол Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
Мынау қай пішін Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.