Білім беру салалары бойынша дидактикалық ойындар үлгілері қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар



бет7/41
Дата22.11.2022
өлшемі102,51 Kb.
#51880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Үй құрлысының ретін көрсет
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.


Бет орамалға лайық жамауларды табу
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.


Жұбын тап
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.


Әдемі кілемшелер
Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.


Таныс пішіндер доминосы
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.


Гараждар
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша суреті бар меңгіріктер (рульдер), дәл сондай суреті бар гараждар.
Ойын барысы: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар меңгіріктерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, меңгіріктің суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.


Өз үйіңді тап
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.


Зейінді бол
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.


Мынау қай пішін
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет