Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМТҚ Тақырыбы: «Үлкен- кіші. Биік- аласа. Ұзын- қысқа»



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі20,91 Kb.
#81784
1   2   3
Ізденушілік-мотивациялық

-Дұрыс, кішкентай текшені үлкеніне қойып тексереміз.
Педогог бір баланы тақтаға шақырады.
Одан үлкен текшелерді бір қатарға қойып шығуды тапсырады. Содаң соң екінші баланы шақырып, кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қойып шығуды өтінеді.
-Текшелерді қай қолмен алу керек?
-Оларды қай жақтан бастап қою керек?
Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін педогог:
-Дұрыс, текшелерді оң қолмен алып, солданоңға қарай рет- ретімен қою керек.
-Үлкен текшелер жетті ме?
-Кішкентай текше көп пе?
-Қайсысы аз?
Содаң соң педогог кішкентай текшені алып тастайды да, балалардан сұрайды:
-Енді текшелер теңесті ме?
-Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойлайсыңдар?
Содан кейін балалардан көздерін жұмуды сұрап, кішкентай текшенің тағы біреуін алып тастайды.
«Жануарларды жапсыр» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 18 -оқу іс- әрекеті,
1- тапсырма, жапсырмамен жұмыс: Үлкен және кішкентай аю.
Педогог балаларға жұмбақ жасырады:
«Қысы- жазы бір түсті».
(Шырша)
-Ол не?
Педогог балалардың назарын шыршалардың суретіне аударады.
-Сендердің дәптерлеріңде қандай шыршалардың суреті салынған?
Содаң соң педогог балаларға жапсырмаларды ұсынады.
Биік шыршаның астына- үлкен аюды, аласа шыршаның астына- кішкентай аюды жапсыру тапсырылады.
-Үлкен аю қай шыршаның астында тұр?
-Кішкентай аю қандай шыршаның астында тұр?
Сөздік жұмыс: Үлкен, аласа.
Билингвальді компонент: Үлкен- большой, кішкентай- маленький.
Сергіту сәті: «Аю».
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп -үлкен боп жасқанар,
Кіп- кішкентай арадан.
«Бір біріне қос» ойыны.
(18-оқу іс -әрекеті, 2 -тапсырма).
Педогог үлкен және кішкентай бал салынған бөшкелердің суретін көрсетеді.
Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, ал кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен қосуларын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет