Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)


СТАНДАРТ 6. ПРОФЕССОР- ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#8796
1   2   3   4

СТАНДАРТ 6. ПРОФЕССОР- ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ 

ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ

 

6.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

6.1.1  Жоғары оқу орнының профессор- оқытушылар құрамы білім беру 



қызметінің  студенттер  үшін  қол  жетімді  басты  ресурсы  болып  табылады, 

сондықтан  жоғары  оқу  орнының  оларды  нақты,  ашық  және  әділ  жұмысқа 

қабылдау,  жұмыспен  қамтылу  шарттарын  және  біліктілікті  арттыру 

процестерін белгілейтін кадрлық саясаты болуы керек.

 

6.1.2  Жоғары оқу орны білім беру қызметін лицензиялаудың біліктілік 



талаптарына  сәйкес  профессор-  оқытушылар  құрамының  бар  екендігін 

көрсетуі керек.

 

 

6.2 Профессор-  оқытушылар  құрамы  және  оқыту  тиімділігін 



бағалау критерийлері

 

 



32 

 

6.2.1  ЖОО-ның 



профессор- 

оқытушылар 

құрамына 

және 


қызметкерлерге  қатысты  (жұмысқа  қабылдау,  қызметте  жоғарылау, 

марапаттау,  қысқарту,  жұмыстан  босату;  құқықтары  мен  міндеттері, 

қызметтік нұсқаулар) институционалдық рәсімдер сипатталған кадр саясаты, 

оның ПОҚ мен қызметкерлерге қолжетімділігі.

 

6.2.2  Соңғы  5  жылдағы  ПОҚ-ның  сапалық  құрамы,  ПОҚ  санаты 



бойынша  (штаттық  ПОҚ,  қосалқы  жүктемедегі  ПОҚ,  ғылыми  дәрежелілік 

пайызы) көрсеткіштерді ұсыну.

 

6.2.3  Ғылыми 



кеңесте 

(академиялық 

сенатта) 

қабылданған 

академиялық  адалдықты,  оқыту  сапасын  қамтамасыз  ету  саясаты  мен 

рәсімдерін, ЖОО оқытушысының, қызметкерінің Ар-намыс кодексін қолдану, 

олардың  ЖОО  сайтында,  факультеттер  мен  кафедралардың  жұмыс 

стендтерінде ашық пайдалану үшін орналастырылуы.

 

6.2.4  Профессор-  оқытушылар  құрамын  аттестаттау  механизмдері  мен 



критерийлерінің әзірлілігі.

 

6.2.5  Басшылық пен әріптестер тарапынан (ашық сабақтар, бақылаулар 



және  өзара  сабаққа  қатысу),  сонымен  қатар  студенттерден  сауалнама  алу 

арқылы  оқыту  сапасының  тиімділігі  мен  сапасын  бағалау  жүйелілігінің  бар 

болуы. «Оқытушы студенттер көзімен»  сауалнамасының нәтижелері.

 

6.2.6  ПОҚ  жетістіктерінің  көрсеткіштері  (мемлекеттік  марапаттарға, 



мемлекеттік және ғылыми сыйақыларға, құрметті атақтарға, ҚР БҒМ «ЖОО 

үздік оқытушысы» грантына және т.б. ие болған оқытушылар саны).

 

6.2.7  Пәндердің оқу- әдістемелік кешендерін (ПОӘК) дайындау, оқыту 



мен  ғылыми  жұмыстарды  жүргізу  бойынша  профессор-  оқытушылар 

құрамына қойылатын талаптардың бар болуы.

 

6.2.8  Оқытушылардың  жеке  жұмыс  жоспарларының  бар  болуы 



(педагогикалық жүктеме, оқу- әдістемелік, ғылыми- зерттеу, тәрбие жұмысы, 

ұйымдастырушылық- әдістемелік қызмет және кураторлық, кеңес беру және 

ЖОО  миссиясына,  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  келетін  қоғамдық 

жұмыс).


 

6.2.9  ПОҚ-ның  соңғы  бес  жылдағы  оқулықтарын,  оқу  құралдарын, 

оқу-  әдістемелік  әзірлемелері  мен  ғылыми  жұмыстарының  басылымдарын, 

оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдардағы, нөлдік емес импакт-

факторлы  халықаралық  басылымдардағы  жарияланымдарын  қамтитын 

жылдық есебінің нақтылығы мен толықтығы. 

6.2.10  Біліктілікті  арттыру  мен  кәсіби  дамытудың  келесі  әрекеттерін 

қамтамасыз етуге бағытталған:

 

-  ПОҚ  білім  алушылардың  әр  түрлілігін,  олардың  сұраныстарын 



саралауды  ескеретін  икемді  траекторияларды,  оқудың  түрлі  нысандарын 

қолдану;


 

-  түрлі  педагогикалық  әдістерді  таңдау  мен  қолдану,  оқу  процесіне 

инновацияларды ендіру;

 


33 

 

-  қолданыстағы 



тестілеу  әдістерін  және  білім  алушылардың 

жетістіктерін  бағалау  үшін  емтихандарды  жүргізуді  білу  жүйесінің  бар 

болуы.

 

6.2.11  ПОҚ  мен  қызметкерлердің  жұмысы  үшін  жағымды  жағдайлар 



жасау.

 

6.2.12  ПОҚ 



мен  қызметкерлердің  педагогикалық  шеберлігінің 

жоғарылығы,  ғылыми  нәтижелері  мен  өз  ісіне  берілгендігі,  сапа  мәдениетін 

дамытуы үшін ынталандыру тетіктерінің бар болуы

 

6.2.13  ПОҚ-ның  жоғары  оқу  орнының  қоғамдық  жұмыстарына, 



жастарды тәрбиелеу мен қоғам өміріне қатысуы (ПОҚ-ның аймақтағы білім 

мен ғылым жүйесіндегі рөлі және т.б.).

 

6.2.14  ПОҚ-ның  біліктілік  деңгейінің  төмендігі  мен  жалпы  этикалық 



нормаларды, Оқытушының ар-намыс кодексін бұзған жағдайда оқытушылық 

қызметтен шеттету механизмдері.

 

СТАНДАРТ 7. ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 

(ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ)

 

7.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

7.1.1  ЖОО  білім,  ғылым  және  инновацияларды  интеграциялауға 



жағдай  жасауы  және  оқытушыларды  белсенді  зерттеушілік  қызметке 

ынталандыруы керек.

 

7.1.2  ЖОО-ның ғылыми және/немесе шығармашылық қызметі жоғары 



оқу  орнының  миссиясына,  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  жүзеге 

асырылуы керек.

 

7.1.3  ЖОО 



профессор-  оқытушылар  құрамын  зерттеулер  мен 

жарияланымдарға 

ынталандыру, 

студенттерді, 

магистранттар 

мен 


докторанттарды белсенді тарту жүйесін әзірлеуі керек.

 

 



7.2 Ғылыми жұмысты бағалау критерийлері

 

 



7.2.1  Ғылыми-  зерттеу 

жұмыстарының/шығармашылық  қызметтің 

бағыттарын  таңдаудағы  саясаты,  оның  миссияға,  даму  стратегиясына 

сәйкестігі.

 

7.2.2  Ғылыми  зерттеулердің  спектрі:  іргелі  және/немесе  қолданбалы 



зерттеулердің,  тәжірибелік-  конструкторлық  әзірлемелердің  бар  болуы, 

олардың  нәтижелілігі.  ЖОО  ҒЗЖ-ның  магистратурадағы,  докторантурадағы 

білім беру қызметін лицензиялаудың біліктілік талаптарына сәйкестігі.

 

7.2.3  Қаржыландыру  мен  нәтижелілік  шегінде  соңғы  5  жылдағы 



ҒЗЖ/шығармашылық  қызметтің  статистикалық  көрсеткіштері  (патенттердің, 

авторлық 

куәліктердің, 

зияткерлік 

меншік 

туралы 


куәліктердің, 

монографиялардың, оқулықтардың, оқу құралдарының, нөлдік емес импакт-

факторлы басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалардың бар болуы).

 


34 

 

7.2.4  Ғылыми  зерттеу  нәтижелерінің  ЖОО-ның  оқу  процесіне  немесе 



өндіріске ендірілуі.

 

7.2.5  ҒЗЖ/шығармашылық  қызметтің  инфрақұрылымы  және  оның 



қолданылу  тиімділігі,  жоғары  оқу  орнында  ҒЗЖ-ның  тиімділігін  бағалау 

тетіктерінің  болуы.  Жоғары  оқу  орнында  ҒЗО-ның,  орталықтардың, 

технопарктердің,  нақты  ғылыми  жұмыстарды  атқаратын  басқа  да  ғылыми-

зерттеу  құрылымдарының,  коммерциаландыру  орталықтарының  бар  болуы. 

Тиісті  ғылыми  даярлау  мамандығы  (магистратура,  докторантура)  бойынша 

мамандандырылған ғылыми- техникалық, ғылыми- әдістемелік, клиникалық, 

тәжірибелік базаның бар болуы.

 

7.2.6  Ғылыми  зерттеулер  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық 



(бірлескен  ғылыми  зерттеулердің  бар  болуы)  және  оның  тиімділігі,  ҒЗЖ 

бойынша  халықаралық  гранттардың  бар  болуы.  ЖОО-ның  халықаралық, 

ұлттық және аймақтық альянстарға, қауымдастықтарға және т.б. қатысуы.

 

7.2.7  Халықаралық, республикалық ғылыми және ғылыми- әдістемелік 



конференциялардың,  семинарлардың,  көрмелердің,  конкурстардың  және  т.б. 

өткізілу  деңгейі  мен  саны.  ПОҚ,  қызметкерлердің  халықаралық 

симпозиумдерге, конференцияларға, семинарларға, көрмелерге, конкурстарға, 

олимпиадаларға, фестивальдарға және т.б. қатысуы.

 

7.2.8  Ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша оқу- ғылыми 



орталықтарын құру, инновациялық технологиялық өнімді әзірлеу мен жүзеге 

асыру  (тәжірибелік  аз  сериялы  өндіріс,  ғылыми-  техникалық  әзірлемелерді 

орындау)  бойынша  ғылыми-  зерттеу  және  өндірістік  құрылымдармен 

қауымдасу, ҒЗЖ коммерциаландыру.

 

7.2.9  Барлық  деңгейдегі  студенттердің  ҒЗЖ/шығармашылық  қызметке 



тартылуы  мен  оны  ұйымдастыру  деңгейі,  олардың  олимпиадаларға, 

конкурстарға,  ғылыми  конференцияларға,  қаржыландырылатын  ғылыми 

тақырыптарға, ғылыми жарияланымдарға қатысуы.

 

7.2.10  Студенттердің,  магистранттардың,  докторанттардың  ғылыми 



жұмыстарына  жетекшілік  деңгейі,  білім  беру  қызметін  лицензиялаудың 

біліктілік талаптарына сәйкестігі:

 

-  кәсібилік,  тиімділік  деңгейі  мен  ғылыми  жетекшілердің  оқу 



жүктемесінің көлемі;

 

-  ғылыми жұмыстарға жетекшілікпен қанағаттану туралы студенттерге 



жүргізілген сауалнама нәтижелерін сараптау;

 

-  студенттер  арасында  плагиаттың  алдын-  алу  үшін  жоғары  оқу 



орнында жүргізілетін іс- шаралар.

 

Ескерту:  Тек  қана  шығармашылық  мамандықтардың  мамандарын 

дайындайтын  ЖОО  осы  стандарт  бойынша  олардың  ерекшелік 

көрсеткіштерін  –  шығармашылық  жетістіктерін  сипаттайтын  қосымша 

критерийлер бойынша бағаланады.

 

 



35 

 

СТАНДАРТ 8. РЕСУРСТАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ 



ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

8.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

8.1.1  Жоғары  оқу  орнының  ресурстық  қамтамасыздандырылуы 



белгіленген  миссияға,  мақсаттар  мен  міндеттерге  сәйкес  келуі,  қажетті 

ресурстардың  бар  екендігі  туралы  ақпараттандырылуы  тиіс  білім  алушылар 

мен  оқытушылар  үшін  жеңіл  қол  жетімді  болуы  керек,  ал  жоғары  оқу 

орнының  қаржылық  стратегиясы  ЖОО-ның  стратегиялық  даму  жоспарына 

сәйкес болуы және оның қызметін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп 

отыруы керек.

 

8.1.2  ЖОО-да  студенттерге  қолдау  көрсетуді  қамтамасыз  ететін, 



олардың  үлгерімін  жақсартатын  және  қоғамда  өмір  сүру  дағдыларын 

дамытатын, толеранттылыққа тәрбиелейтін құрылымдар бар болуы керек.

 

8.1.3  Қолдау  көрсететін  құрылымдар  студенттермен  олардың  оқудағы 



жетістіктерін  жақсарту  үшін,  тұлғалық  дамуына  жағдай  мен  қолдауды 

қамтамасыз ету үшін сабақтан тыс үздіксіз және ретті жұмыс жүргізуі қажет.

 

 

8.2  ЖОО-ның  қаржылық  ресурстарын  және  бюджетін  бағалау 



критерийлері

 

 



8.2.1  Қаржылық  стратегияның,  есептік  саясаттың  болуы,  олардың 

ЖОО стратегиялық даму жоспарына сәйкестігі.

 

8.2.2  ЖОО-ның  қаржылық  ресурстарының  құрылымы:  қалыптасу 



көздері, шығындалу бағыттары; олардың арақатынасы.

 

8.2.3  Соңғы 5 жылдағы білім беру қызметін қаржыландыру көлемі.



 

8.2.4  Соңғы  бес  жыл  шегіндегі  ЖОО-ның  қаржылық  қызметінің 

көрсеткіштері  (табыстардың  түрлері  бойынша,  шығындардың  түрлері 

бойынша;  бакалавриаттағы,  магистратурадағы  және  докторантурадағы  оқу 

ақысының орташа құны).

 

8.2.5  Соңғы 



бес 

жыл 


шегіндегі 

әкімшіліктің, 

ПОҚ 

мен 


қызметкерлердің  және  т.б.  орташа  жалақысы  бойынша  көрсеткіштері, 

динамикасын талдау.

 

8.2.6  Жарғы 



мен 

Қазақстан 

Республикасының 

қолданыстағы 

заңнамасына сәйкес ақылы қызмет көрсету бойынша ЖОО-ның қызметі.

 

8.2.7  Бюджетті бөлудің ашықтығы. Қаржылық есеп беру мен ішкі аудит 



жүйесінің бар болуы.

 

8.2.8  Халықаралық  стандарттарға  сәйкес  ЖОО-дағы  жыл  сайынғы 



сыртқы  аудит  және  жүргізілген  аудиттің  ұсынымдары  мен  ескертулері 

бойынша түзетуші әрекеттерді жүргізу бойынша басшылық саясаты.

 

 

8.3 Материалдық-  техникалық  және  ақпараттық  ресурстарды 



бағалау критерийлері

 


36 

 

 



8.3.  Материалдық-  техникалық  базаның  ЖОО-ның  тиісті  миссиясын, 

мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етуі мен деңгейі:

 

-  оқытудың  заманауи  техникалық  құралдарымен,  мультимедиалық 



құрылғылармен  жабдықталған  аудиториялардың;  жүзеге  асырылатын  білім 

беру  бағдарламаларына,  санитарлы-  эпидемиялогиялық  нормалар  мен 

ережелерге сәйкес келетін заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу және 

ғылыми  зертханалардың,  оқу-  жаттығу  полигондарының,  технопарктер  мен 

клиникалардың қажетті санының бар болуы.

 

-  компьютерлік  кластардың,  оқу  залдарының,  мультимедиалық, 



лингафондық  және  ғылыми-  әдістемелік  кабинеттердің  саны,  ондағы  оқу 

орындар саны.

 

-  компьютерлердің жалпы саны  мен оның келтірілген білім алушылар 



контингентіне 

қатынасы, 

соңғы 

үлгідегі 



компьютерлердің 

саны. 


Компьютерлік парктің жыл сайынғы жаңалану пайызы.

 

-  полиграфиялық базаның бар болуы және оның тиімділігі.



 

8.3.2  Студенттерге,  ПОҚ  мен  қызметкерлерге  бөлінген  Интернет-

желінің  бар  болуы  және  оның  қолжетімділігі;  студенттерге,  ПОҚ  мен 

қызметкерлерге  Интернет  желісінде  Wi-Fi  арқылы  жоғары  жылдамдыққа 

қолжетімділіктің бар болуы.

 

8.3.3  Оқу  орнының  оқу,  ғылыми  процесін  жүзеге  асыру  үшін 



электронды платформасының бар болуы. ЖОО-дағы білім алу мен басқаруды 

ақпараттандыруды қамтамасыз ететін ресурстар.

 

8.3.4  Білім  беру  бағдарламаларының  жалпы  білім  беру,  базалық  және 



бейіндік  пәндері  бойынша  оқу,  әдістемелік  және  ғылыми  әдебиеттің,  оның 

ішінде  мемлекеттік  тілде  бар  болуы  мен  оның  қолданылу  тиімділігі;  білім 

беру  қызметін  лицензиялаудың  біліктілік  талаптарында  белгіленген 

нормаларға сәйкес әдебиет қорының жаңартылуы.

 

8.3.5  Электронды  тасымалдағыштардағы  оқу  әдебиетінің  бар  болуы, 



электронды  оқу  материалдарының  жалпы  әдебиеттік  ресурстар  көлеміндегі 

үлесі; ЖОО оқытушылары әзірлеген, сатып алынған электронды оқулықтар. 

Олардың  білім  беру  қызметін  лицензиялаудың  біліктілік  талаптарына 

сәйкестігі.  Электронды  оқулықтардың,  электронды  оқу  залы  қорының,  оқу 

ТВ-ның және т.б. студенттер үшін қолжетімділігі.

 

8.3.6  Кітапханада электронды каталогтардың  бар болуы және олардың 



Интернетте  (Интранетте)  қолжетімділігі;  студенттердің,  ПОҚ  мен 

қызметкерлердің  заманауи  мәліметтер  базаларына  (Scopus,  Thomson  Reuters 

және т.б.) қол жеткізуін қолдау.

 

8.3.7  ЖОО-ның  бейіні  бойынша  жыл  сайын  жазылатын  басылымдар 



саны (отандық және шетелдік).

 

8.3.8  Материалдық-  техникалық  ресурстардың  даму  динамикасын 



бағалау  және  бюджетті  жоспарлау  мен  бөлуге  түзету  енгізу  үшін  бағалау 

нәтижесін қолдану тиімділігі.

 


37 

 

8.3.9  Оқытудың 



техникалық  құралдарына  қанағаттану  деңгейі 

бойынша  ПОҚ  мен  студенттерден  сауалнама  алу  жиілігі;  олардың  заманауи 

талаптарға сәйкестігі, сауалнама нәтижелерін ұсыну.

 

 



8.4 Студенттерді қолдау қызметін бағалау критерийлері

 

 



8.4.1  ЖОО-да  студенттердің  білім  алу,  жеке  және  мансаптық 

сұраныстарын  қанағаттандыру  үшін  жұмыс  істейтін  студенттерді  қолдау 

қызметтерінің: 

кітапханалардың, 

жатақханалардың, 

асханалардың, 

медициналық  орталықтардың,  жұмысқа  орналастыру  мен  мансап 

орталықтарының,  спорт  залдар  мен  студенттердің  қызығушылықтарына 

жауап беретін клубтардың бар болуы.

 

8.4.2  Студенттердің  түрлі  топтарының:  күндізгі  бөлімнің,  жұмыс 



істейтіндердің,  сырттай  білім  алушылардың,  шетелдік  студенттердің, 

мүмкіндігі  шектеулі  студенттердің  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету. 

Әлеуметтік  жағынан  аз  қамтылған  студенттерге  әлеуметтік  қолдаудың  бар 

болуы. 


8.4.3  Тәжірибені  ұйымдастыру,  студенттерді  жұмысқа  орналастыру 

мен  оларды  мансаптық  өсуі  бойынша  қызметтердің  (бөлімнің)  бар  болуы. 

Кәсіби  тәжірибені  ұйымдастыруға  корпоративтік  әріптестердің  тартылуы. 

Кәсіби  тәжірибені  ұйымдастыру  мен  жүргізуге  және  бітірушілерді  жұмысқа 

орналастыруға компаниялар мен жұмыс берушілердің қатысуы.

 

8.4.4  Студенттердің  өзін-өзі  басқару  нысандары,  олардың  тиімділігі 



және ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерімен байланысы.

 

8.4.5  Студенттердің  қоғамдық  бірлестіктер  мен  ассоциацияларға, 



кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысуы; студенттердің қоғамдық белсенділігі, 

көпшілік 

спорт 

түрлерімен 



белсенді 

айналысуға 

тартылуы, 

универсиадалардағы жетістіктері.

 

8.4.6  Студенттерді қолдау қызметі қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен 



олардың өз біліктілігін арттыру мүмкіндіктері.

 

8.4.7  Студенттердің  қолдау  қызметін  бағалаудың  тұрақты  тетіктерінің 



бар болуы, үздіксіз мониторинг пен жақсартуды жүргізу.

 

 



СТАНДАРТ 9. ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

 

9.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

9.1.1  ЖОО  өзінің  қызметі  туралы,  білім  беру  бағдарламаларын  қоса 



есептегенде  анық,  нақты,  шынайы,  өзекті  және  қолжетімді  болатын 

ақпаратты ұсынуы тиіс.

 

 

 

 

 


38 

 

9.2 Жұртшылықты ақпараттандыруды бағалау критерийлері

 

 

9.2.1  Жұртшылыққа 



ұсынылатын 

ЖОО 


мен 

білім 


беру 

бағдарламаларының қызметі  туралы ақпараттың қол жетімділігі, нақтылығы 

мен өзектілік деңгейі. 

9.2.2  Талапкерлерді оқуға қабылдау шарттары, студенттердің білім алу 

ережелері  мен  шарттары,  әр  түрлі  емтихан,  сынақ  түрлерін  жүргізу 

ережелері,  баға  қою  әдістері  мен  критерийлері,  тағайындалатын  біліктілік 

туралы ақпараттың бар болуы.

 

9.2.3  Студенттерді  қолдау  қызметі,  оның  ішінде  жатақханалар  мен 



білім  алу  үшін  жағдай  жасауға  бағытталған  басқа  да  бөлімдер  туралы 

ақпараттың бар болуы.

 

9.2.4  ЖОО-ның  жұртшылық  үшін  ашық  көрсеткіштер  жүйесі  мен 



қызмет бағыттары, олардың сипаттамасы.

 

9.2.5  Әр  бағдарлама бойынша  бітірушілердің  жұмысқа  орналасуы  мен  



олардың мансаптық өсуі туралы ақпарат.

 

9.2.6  Академиялық күнтізбенің бар болуы.



 

9.2.7  ЖОО-ның  миссиясы,  мақсаттары  мен  міндеттері,  сапаны 

қамтамасыз ету  саласындағы саясаты туралы ақпараттың  жұртшылыққа қол 

жетімділігі  (ақпараттың  ЖОО  веб-  сайтында,  басылымдық  құжаттарда  бар 

болуы).

 

 



 

СТАНДАРТ 10.  СЫРТҚЫ САПАНЫ МЕРЗІМДІК ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ РӘСІМДЕР

 

10.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

10.1.1 ЖОО 5 жылда бір рет мерзімдік негізде агенттік стандарттарына 



сәйкес сапаны сыртқы қамтамасыз ету рәсімінен өтуі тиіс. 

 

10.1.2  Сапаны  қамтамасыз  ету  сыртқы  кері  байланыспен,  жоғары  оқу 



орнының есебімен немесе алдағы қызметімен шектелмейтін үздіксіз процесс 

болуы тиіс.

 

10.1.3  Түрлі  формалардағы  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері 



жоғары  оқу  орындарының  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  тиімділігін 

тексеруі  тиіс,  оларды  жақсарту  катализаторы  ретінде  және  жаңа 

перспективаларды ұсынуы керек. 

 

10.2 Сыртқы бағалау мерзімділігін бағалау критерийлері

 

 



10.2.1  ЖОО  жыл  сайын  агенттікке  білім  беру  сапасын  қамтамасыз 

етудің  ішкі  жүйесін  қолдауда  соңғы  бір  жылда  орын  алған  өзгерістер  мен 

жетістіктер туралы есеп береді.

 


39 

 

10.2.2  ЖОО-ның  қызметіндегі  жетістіктер  мен  өзгерістер  туралы  жыл 



сайынғы  есеп  Агенттіктің  нұсқаулығы  мен  білім  беру  сапасын  қамтамасыз 

ету үшін қабылданған ішкі жүйесінің негізінде әзірленеді.

 

10.2.3  БСҚА  қойған  талаптар  орындалмаған  жағдайда  агенттіктің 



Аккредиттеу кеңесі ЖОО-н аккредиттеу мерзімін уақытша тоқтатуға құқылы.

 

10.2.4  ЖОО  аккредиттеу  туралы  куәліктің  жарамдылық  мерзімінің 



аяқталуына 1 жыл қалғанда институционалдық аккредиттеу жүргізуге өтініш 

беріп, агенттікпен шартқа отырады.

 

 

11. АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ ТӘРТІБІ 



ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

 

 



11.1  Институционалдық  аккредиттеудің  қолданыстағы  стандарттарына 

өзгертулер  мен  толықтыруларды  оларды  әрі  қарай  жетілдіру  мен  ҚР  БҒМ 

жүргізіп отырған білім саясатына, жоғары оқу орындарының қызметіне және 

Еуропалық стандарттар мен  нұсқаулығына сәйкестендіру мақсатында БСҚА 

енгізеді.

 

11.2  Аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлеріне  өзгерістер  мен 



толықтырулар  енгізу  бастамасы  орын  алған  жағдайда  ұсыныстар  мен 

ескертулер БСҚА-ға жолданады.

 

11.3  БСҚА  сарапшылары  ұсыныстар  мен  ескертулерге  сараптама 



жасағаннан  кейін  және  аккредиттеу  кеңесімен  мақұлданғаннан  кейін  БСҚА 

өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.



 

11.4  Стандарттар  мен  критерийлер  жаңа  редакцияда  басылып 



шығарылады және агенттік сайтында жарияланады.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет