Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#8796
1   2   3   4

 

1.2

 

Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты  бағалау 

критерийлері

 

 

1.3.1  Жоғары  оқу  орнында  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  саласындағы 

саясаттың бар болуы: оны қабылдау мен бекіту рәсімі.

 

1.3.2  Сапаны 



қамтамасыз  ету  саласындағы  саясаттың  ЖОО 

миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

 

1.3.3  Сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  жүйесінің  ұйымдастырушылық 



аспектісі, ЖОО сапа мәдениетінің негізгі сипаттамалары мен құндылықтары, 

ЖОО сапа мәдениетінің қалыптасуы мен құндылықтары.

 

1.3.4  Білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге  асыруда 



(қалыптастыру  мен  қолдау)  әкімшіліктің,  ПОҚ-ның  және  студенттердің 

қатысуы:  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  факультеттердің  және  басқа 

құрылымдық  бөлімдердің,  сонымен  қатар  басшылықтың,  жекелеген 

қызметкер  мүшелердің  және  студенттердің  міндеттері.  Сапаны  қамтамасыз 

ету саясатын жүзеге асыруға сыртқы мүдделі тараптардың қатысуы.

 

1.3.5  Академиялық  адалдықты  қолдау  саясатын,  студенттерге  немесе 



қызметкерлерге  қатысты  кез-  келген  төзбеушіліктен  немесе  кемсітушіліктен 

қорғауды қамтамасыз ету.

 

1.3.6  Жоғары  оқу  орнындағы  жемқорлыққа  қарсы  әрекеттерді 



қамтамасыз  ету,  жемқорлыққа  қарсы  шаралардың  бар  болуы,  оқытушылар 

мен студенттер үшін ЖОО басшылығының қолжетімділігі, сұраныстарға әсер 

ету икемділігі.

 

1.3.7  Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты  жүзеге  асыру 



деңгейінің  ЖОО  стратегиялық  жоспарының  бағыттарына,  материалдық 

ресурстарына және зияткерлік активтеріне сәйкестігін бағалау, студенттердің, 

ПОҚ-ның 

және 


қызметкерлердің 

сұраныстарын 

қанағаттандыруға 

бағытталуы.

 


22 

 

1.3.8  Ұзақ 



мерзімді  бағыттарын,  сыртқы  ортаның  өзгермелі 

жағдайларына  сәйкес  жаңа  мақсаттар  қоюды  жетілдіру  мен  түзету  үшін 

бағалау нәтижелерін қолданудың тиімділігі мен жүйелілігі.

 


23 

 

СТАНДАРТ 2. МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ

 

2.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

2.1.1  Жоғары  оқу  орнында  стратегияны  жүзеге  асыруға,  миссияға, 

мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған басқару жүйесінің бар 

болуы  қажет.  ЖОО  басқару  жүйесі  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңымен  анықталған  білім  беру  ұйымының  құзыреті  негізінде 

құрылуы қажет.

 

2.1.2  Жоғары оқу орнындағы менеджмент сапа менеджменті жүйесінің 



принциптеріне  негізделуі  қажет:  басшының  көшбасшылығы,  ақпаратты 

басқару,  процестік  және  жүйелі  тәсілдемелер,  қызметкерлерді  тарту,  ұдайы 

жақсарту,  студенттер  мен  мүдделі  тараптарға  бағытталу.  Сонымен  қатар, 

басшылық  арасында  өкілеттік  пен  жауапкершілікті  бөлуді  қарастыратын, 

корпоративтік басқару принциптерін жүзеге асыруы қажет.

 

2.1.3  Тиімді  менеджмент  үшін  басқару  әкімшілігі  мен  органдары 



(қамқоршылар кеңесі, ғылыми кеңес, ректорат, сенат) сапаны қамтамасыз ету 

саясатын  анықтау,  стратегиялық  және  операциондық  жоспарларды  әзірлеу, 

тиімді  менеджмент  үшін  ақпаратты  тарату  негізінде  ЖОО  ақпаратты 

басқаруды  жүзеге  асыруы  қажет:  өзінің  қызметі  туралы  ақпаратты  жинау, 

жинақтау  және  талдауды  жүйелі  жүргізу,  өзінің  басым  және  әлсіз  жақтарын 

бағалау (SWOT-талдау).

 

 

2.2 Менеджментті бағалау критерийлері

 

 

2.2.1  Жоғары  оқу  орнының  басқару  жүйесі  мен  ұйымдастырушылық 

құрылымының құжаттарда көрініс табуы (Жарғы, ЖОО ұйымдастырушылық 

құрылымы туралы ереже және т.б.).

 

2.2.2  Жоғары оқу орнының басшылығы мен құрылымдық бөлімдерінің 



функционалды  міндеттерінде  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

Заңында бекітілген білім беру ұйымы құзыретінің толық қамтылуы.

 

2.2.3  ЖОО  ұйымдастырушылық,  функционалдық  және  штаттық 



құрылымдарының  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  миссиясына, 

мақсаттарына, міндеттері мен саясатына сәйкестігі.

 

2.2.4  Ғылыми  кеңестің,  факультеттердің,  кафедралардың,  басқа 



құрылымдық бөлімдердің қызметін бағалау жүйесі.

 

2.2.5  Құрылымдық бөлімдердің, тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін  



олардың  өкілеттігі  мен  жауапкершілігі  бойынша  басшылық  құжаттарының 

(ішкі тәртіп қағидалары, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар және т.б.) бар 

болуы және функционалдылығы.

 

2.2.6  Адами 



ресурстарды 

басқару 


бағдарламасының 

ЖОО 


стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

 


24 

 

2.2.7  Құрылымдық 



бөлімдердің 

штат 


біліктілігінің 

басқарма 

міндеттеріне сәйкестігі.

 

2.2.8  Стратегиялық 



мақсаттар 

мен 


міндеттерге 

жету 


үшін 

қызметкерлердің қызметін аттестаттау, ынталандыру және бағалау жүйесінің 

тиімділігі.

 

2.2.9  ЖОО  басқаруға  ПОҚ-ның,  қызметкерлер  мен  студенттердің 



қатысуы.

 

2.2.10  Мүдделер жанжалы мен қарым- қатынастарды шешу саясаты.



 

2.2.11  ЖОО-ның қаржылық ресурсын (ЖОО бюджетін) бөлуді зерттеу 

және бекіту.

 

2.2.12  Іскерлік 



этикасының  стандарттарын  сақтау,  басшының, 

оқытушының, қызметкердің Ар- намыс кодексінің болуы және орындалуы.

 

2.2.13  Электрондық құжат айналымының болуы.



 

 

2.3 Ақпаратты басқаруды бағалау критерийлері

 

 

2.3.1  ЖОО-да келесі мәліметтерді қамтитын қызмет туралы ақпаратты 

жинақтау, талдау және бағалау жүйесінің құрылуы негізінде оңтайлы басқару 

шешімдерін қабылдау:

 



 

тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI);

 



 



мамандықтар мен оқу курстары шегінде студенттер контингентінің 

құрылымы;

 



 



студенттер 

үлгерімі, 

олардың 

жетістіктері 

мен 

оқудан 


шығарылғандар үлесі;

 



 

студенттердің бағдарламалар мен пәндерге қанағаттануын мерзімдік 

бағалау мен әдістері;

 



 

ПОҚ-ның, қызметкерлердің еңбек жағдайларына, басқару жүйесіне, 

бар ресурстарға және т.б. қанағаттануын мерзімдік бағалау;

 



 

студенттерді  оқыту  және  қолдау  үшін  ресурстардың  қол 

жетімділігін бағалау;

 



 

бітірушілердің  жұмысқа  орналасуы,  олармен  байланыс  және 

мансаптарын мониторингтеу.

 

2.3.2  Білім  беру  бағдарламаларының  тиімділігі,  ғылыми  зерттеулердің 



нәтижелілігі,  студенттердің  әлеуметтік  сұраныстары,  жоғары  оқу  орнының 

қызметін  ресурспен  қамтамасыз  ету  туралы  ақпаратты  талдау  мен  зерттеу 

негізінде ЖОО әкімшілігі қабылдаған басқарушылық шешімдерді бағалау.

 

2.3.3  Алынған  ақпаратты  мерзімдік  талдау,  қажет  болған  жағдайда 



жинақтау әдістерін қайта қарау, олардың заманауи тенденциялар мен жоғары 

оқу орнының сұраныстарына сәйкестігі.

 

 

СТАНДАРТ 3. СТУДЕНТТЕР, СТУДЕНТТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН 

БІЛІМ БЕРУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҮЛГЕРІМДІ БАҒАЛАУ

 


25 

 

3.1 Стандарттың жалпы ережелері



 

3.1.1  Жоғары  оқу  орнының  қызметі  білім  алушылардың  түрлі 

санаттарының  сұраныстарын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  академиялық 

саясатты  құруы  тиіс:  білім  беру  гранты  бойынша,  ақылы  негізде,  басқа 

ұйымдардың  қаражаты  есебінен;  толық  жұмыс  күні  қамтылған,  жартылай 

немесе  толығымен  жұмыс  істейтіндер,  мүмкіндіктері  шектеулілер 

(физикалық және/немесе материалдық).

 

3.1.2  Жоғары  оқу  орны  студенттерді  оқуға  ынталандыруда  және  оқу 



процесіне  белсенді  қатысуда  маңызды  рөл  ойнайтын  студентке 

орталықтандырылған білім беру мен оқытуды қамтамасыз етуі тиіс.

 

3.1.3  ЖОО оқу процесін, білім беру технологияларын, оқыту әдістерін, 



білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  мен  бағалау  құралдарын  жетілдіру 

үшін  қолданылуы  тиіс  нәтижелерге,  студенттердің  білім  сапасына  жүйелі 

мониторинг жүргізуі қажет.

 

 



 

3.2 Студентке орталықтандырылған білім беруді бағалау 

критерийлері

 

 



3.2.1  Студентке  орталықтандырылған  білім  беруге  бағытталған  ЖОО 

академиялық  саясатының,  оның  элементтерінің  және  құралдарының 

сипаттамасы.

 

3.2.2  Жоғары  оқу  орнының  білім  алушылардың  әр  түрлілігін  және 



олардың сұраныстарын қолдау саясаты.

 

3.2.3  Студенттердің 



түрлі  нұсқаулықтармен  қамтамасыз  етілуі 

(анықтама- жолсілтеуші, Ішкі тәртіп қағидалары, түрлі қызметтердің жұмыс 

режимі, оқу төлемақысын төлеу тәртібі, студенттердің оқу үлгерімін бағалау 

саясаты мен рәсімдері, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат).

 

3.2.4  Студенттерге  арналған  ЖОО-ның  негізгі  саясатын  түсіндіретін 



құжаттардың қол жетімділігі (ақпараттық материалдардың орналасуы: пәннің 

оқу-  әдістемелік  кешендері,  сабақ  кестесі  және  т.б.);  академиялық  реттеу 

(емтихандарға  қойылатын  талаптар),  оқу  пәндеріне  жазылу  ережелері  мен 

рәсімдері,  меңгерілген  кредиттерді  есептеу  және  қайта  есептеу  ережелері,  

шағымдар  мен  наразылықтарды  білдіру  рәсімдері  (академиялық  адалдықты 

қоса есептегенде), академиялық ұтқырлық ережесі (сыртқы және ішкі).  

 

3.2.5  Студенттердің  қолданысындағы  білім  беру  бағдарламалары 



каталогының (оның ішінде элективті пәндер каталогының) бар болуы.

 

3.2.6  Кредиттік  оқыту  технологиясының  талаптарына  сәйкес  ЖОО 



студенттерінің  жеке  оқу  жоспарлары,  студенттерді  оқытудың  жеке 

траекториясын  құру  мүмкіндігі.  Магистранттар  мен  докторанттардың  жеке 

оқу жоспарлары.

 


26 

 

3.2.7  Студенттердің  оқу  сапасына  қанағаттануы  (әр  пән  бойынша 



жүйелі жүргізілетін студенттер сауалнамаларының нәтижелері).

 

3.2.8  Студенттердің  шағым  рәсімдерін  қарастыруға  арналған  рәсімнің 



бар болуы.

 

3.2.9  Студенттердің  ар-намыс  кодексі,  оның  принциптерін  және 



ережелерін барлық студенттердің білуі, орындауы.

 

 



3.3 Студентке орталықтандырылған оқытуды бағалау 

критерийлері

 

 

3.3.1  Студентке  орталықтандырылған  оқытуға  бағытталған  ЖОО 

академиялық  саясатының,  оның  элементтерінің  және  құралдарының 

сипаттамасы.

 

3.3.2  Оқытушы тарапынан бір мезгілде тиісті нұсқау мен көмек беруде 



білім  алушының  дербестік  сезімін  қолдау.  Эдвайзерлер  институты  арқылы 

жеке оқу траекториясын құру барысында студенттерге көмектесу.

 

3.3.3  Оқытудың  түрлі  нысандарын  қолдану  (мүмкін  болған  жерлерде) 



және алуан түрлі педагогикалық әдістерді қолдану.

 

3.3.4  ЖОО-да оқу процесінің өзгеруі бойынша дәлелдер, оқытушының 



жаңа ұстанымды ұсынуы: дайын ақпаратты беруден  – студенттердің қажетті 

құзыреттілікті  өздігінен  белсенді  иеленуін  ұйымдастырушы  позициясына, 

осы  процестің  кеңесшісіне,  ол  үшін  инновациялық  оқыту  технологияларын; 

ақпараттық- коммуникациялық, интерактивтік, кейс- стади және т.б. қолдану

 

3.3.5  Студенттердің  бірінші  курстан  бастап  бітіруші  курсқа  дейін 



академиялық  мансабын  жетілдіру  бойынша  жүйелі  және  бірізділенген 

жұмыстың бар болуы.

 

3.3.6  «Білім  алушы-  оқытушы»,  «Білім  алушы-  қызметкер»  қарым- 



қатынастарындағы  өзара  сыйластыққа,  студенттер  мен  оқытушылардың 

академиялық 

адалдығына 

көмек 


беретін 

ЖОО-ның 


академиялық 

ортасындағы өзгерістердің дәлелін ұсыну.

 

3.3.7  Академиялық  талаптарды  орындай  алмайтын  студенттерді 



академиялық  қолдау  жұмыстарының  (қосымша  кеңес  беру  немесе  қосымша 

сабақтарды өткізу), тьюторлар институтының бар болуы.

 

 

3.4 Студенттердің үлгерімін бағалау

 

 

3.4.1  Студенттер  үлгерімінің  ағымдық  бақылауын,  оның  ішінде 

студенттердің  межелік  бақылауын,  аралық  бақылауын  және  қорытынды 

аттестаттауды  қамтитын,  оқыту  сапасын  бақылаудың  ЖОО-ішілік  жүйесінің 

бар болуы мен тиімділігінің дәлелдері.

 

3.4.2  Студенттерге  қол  жетімді  бағалау  критерийлері  мен  әдістерінің 



бар болуы (сайтта немесе анықтама- жолсілтеушіде жариялануы).

 


27 

 

3.4.3  Студенттер  білімін  бағалау  жүйесінің  жалпы  қабылданған 



бағалау, әділдік және айқындық критерийлерінің принциптеріне сәйкестігі.

 

3.4.4  Тестілеуді, 



емтиханды,  сынақты,  рефераттарды,  курстық 

жұмыстарды  қорғау  және  басқа  бағалау  формаларының  бірнеше  емтихан 

алушылармен өткізілу рәсімі.

 

3.4.5  Бағалау ережелері жеңілдететін жағдайларды есепке алуы қажет.



 

3.4.6  Емтихан  нәтижелерін  апелляцияға  берудің  ресми  рәсімі 

қарастырылуы қажет.

 

3.4.7  Жоғары 



оқу 

орны 


өздері 

ұсынатын 

білім 

беру 


бағдарламаларының  пәндері  бойынша  ЖОО-да  бекітілген  стандартталған 

тесттер мен емтихан билеттерінің бар екендігін ұсынуы қажет.

 

3.4.8  Жоғары  оқу  орны  студенттердің  өзін-өзі  бағалауы  үшін  қол 



жетімді  студенттік  жұмыстар  үлгілерінің  (орындалу  деңгейлері  әр  түрлі 

рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік 

және докторлық диссертациялар) бар екендігін ұсынуы керек.

 

3.4.9  ЖОО-да  курстық,  дипломдық  жұмыстарды,  магистрлік  және 



докторлық  диссертацияларды  орындау  барысында  студенттердің  иемдену 

деңгейін 

бағалау 

бойынша 


жұмыстардың 

болуы 


(«Антиплагиат» 

бағдарламасында тексеру жүйесі және т.б.).

 

3.4.10  Магистранттар 



мен  докторанттарды  аттестаттау  жүйесі, 

олардың жеке жұмыс жоспарын орындауы.

 

3.4.11  Бітірушілердің қорытынды аттестаттау нәтижелері (ұсынылатын 



қорытынды жұмыстардың сапасын бағалау).

 

 



СТАНДАРТ 4. СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ, 

ТАНУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТЕР

 

4.1 Стандарттың жалпы ережелері

 

 

4.1.1  Суденттердің  білім  алуының  барлық  кезеңдері:  оқуға  қабылдау, 



оқыту, бағалау ережелері, курстан курсқа ауыстыру, біліктілікті алу мен тану 

үшін бірдей жарияланған ережелердің бар болуы және оларды қолдануы.

 

4.1.2  Студенттер  контингенті  мен  олардың  үлгерімі  туралы  ақпарат 



негізінде  жинақтаудың,  мониторингтеудің  және  одан  кейінгі  әрекеттердің 

рәсімдері мен құралдарының бар болуы.

 

4.1.3  Жоғары  оқу  орнынан  тыс  бейресми  және  формалды  емес  білім 



алуды, оның ішінде студенттердің ұтқырлығы (ішкі және шет елдік) бойынша 

тану рәсімдері.

 

4.1.4  Академиялық  дәреже  мен  біліктілікті  тағайындау  рәсімдері, 



бітірушілердің құжаттарын рәсімдеу.

 

 



4.2 Құжаттаманы бағалау критерийлері

 

 



28 

 

4.2.1  ЖОО-ның  «студенттердің  өмірлік  циклінің»  барлық  қағидалары 



бойынша  құжаттаманы  ұсынуы,  барлық  студенттер  үшін  ережелердің  қол 

жетімділігін  дәлелдеп  көрсетуі  (жарияланған  материалдардың  таратылуы, 

оның  ішінде  сайтта),  бірінші  курс  студенттерінің  жоғары  оқу  орнына 

бейімделуі  үшін  оларға  арналған  оқыту  семинарлары  мен  ЖОО-ның 

студенттермен жұмысын көрсететін басқа да іс- шараларды жүргізуі керек.

 

4.2.2  Барлық  факультеттер  мен  мамандықтардың  студенттері  үшін 



бірегей: оқуға қабылдау, оқыту, бағалау ережелері, курстан курсқа ауыстыру, 

біліктілік алу мен тану ережелерінің үлгісін келтіру.

 

 

4.3 Студенттер контингенті мен олардың үлгерімі туралы ақпарат 



жинақтау мен мониторингтеуді бағалау критерийлері

 

 



4.3.1  Студенттер 

контингентін  қалыптастырудың  статистикалық 

көрсеткіштерін  келтіру:  берілген  өтініштердің  саны;  1-  курсқа  қабылданған 

студенттердің  ҰБТ  мен  кешенді  тестілеу  бойынша  орташа  балы;  өтініш 

берген  талапкерлердің  минималды/максималды  балы;  ауылдық/қалалық 

мектептерінен  түскен  студенттер  саны;  қабылданған  «Алтын  Белгі» 

иегерлерінің,  Халықаралық,  Республикалық  олимпиадалар  мен  ғылыми 

жобалар конкурстары жеңімпаздарының саны.

 

4.3.2  Курстар  мен  мамандықтар  шегінде  студенттер  контингенті 



бойынша  соңғы  5  жылдағы  статистикалық  көрсеткіштер  (мемлекеттік  грант 

және  ақылы  негізде  оқитын  студенттер  саны,  оқу  нысаны,  білім  беру 

деңгейлері,  дайындық  бағыттары/мамандықтары  бойынша,  шетелдік 

студенттер,  студенттердің  түрлі  санаттары:  жетім  балалар,  ата-  анасының 

қамқорлығынан  айырылған  балалар,  аз  қамтылған  отбасының  балалары, 

мүгедек балалар, ата- анасы мүгедек балалар, көп балалы отбасынан шыққан 

балалар).

 

4.3.3  Студенттердің 



үлгерімі  бойынша  курстар,  пәндер  мен 

мамандықтар шегінде соңғы 5 жылдағы статистикалық көрсеткіштер.

 

4.3.4  Оқыту 



деңгейлері  бойынша  (бакалавриат,  магистратура, 

докторантура)  мамандықтар  шегінде  студенттердің  бітіруге  дейін 

жеткізілуінің статистикалық көрсеткіштері. Магистранттар мен докторанттар 

үшін  –  ізделіп  отырған  дәреженің  тағайындалуы  арқылы  бітіру 

коэффициенті.

 

4.3.5  Жоғары  оқу  орнын  бітірушілердің  жұмысқа  орналасуы,  оның 



ішінде  мамандықтар  бойынша,  бітірушілердің  мансаптық  өсуі,  соңғы  3-  5 

жылдағы 


мониторинг, 

бітірушілердің 

жалақы 

мөлшері 


бойынша 

статистикалық көрсеткіштері.

 

4.3.6  ЖОО-ның адекваттық басқару шешімдерін қабылдауы үшін 4.3.1 



және  4.3.2  тармақтары  негізінде  студенттер  контингентінің  негізгі 

көрсеткіштерін жыл сайын талдауын ұсынуы.

 

 


29 

 

4.4  Студенттердің  білім  алу  нәтижелерін  бағалау,  оқытуды  тану 



және біліктілікті тағайындау критерийлері

 

 



4.4.1  Тану 

туралы  Лиссабон  Конвенциясының  принциптеріне 

негізделген, басқа жоғары оқу орындарынан білім алушыларды қабылдаудың, 

кредиттерді  тану  мен  есептеудің  келісілген,  жарияланған  рәсімдерінің  бар 

болуы.

 

4.4.2  Халықаралық  алмасулар  мен  тағылымдамалардың  бар  болуы 



және  тиімділігі.  Академиялық  ұтқырлық:  ішкі  және  сыртқы.  Кредиттерді 

қайта есептеу, оның ішінде ECTS негізіндегі ережелері.

 

4.4.3  ҚР  БҒМ  Ұлттық  тестілеу  орталығы  өткізетін  оқу  жетістіктерін 



сырттай бағалау (ОЖСБ) нәтижелері.

 

4.4.4  Алынған біліктілікті, оқуда қол жеткізілген нәтижелерді, сонымен 



қатар оқытудың контекстін, мазмұнын және мәртебесін сипаттайтын Diploma 

Supplement – еуропалық талаптарға сәйкес дипломға қосымшаны беру.

 

4.4.5  Бітірушілердің 



дайындық  сапасына  жұмыс  берушілердің 

қанағаттануы туралы жыл сайынғы сауалнамалардың нәтижелері.

 

4.4.6  Бітірушілердің 



жұмысқа 

орналасуы 

мен 

бітірушілердің 



мансаптық өсуінің мониторингі.

 

 



СТАНДАРТ 5. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ОЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

ТИІМДІЛІГІ, ҮЗДІКСІЗ МОНИТОРИНГТЕУ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІК 

БАҒАЛАУ

 

5.1 Стандартың жалпы ережелері

 

 

5.1.1  Білім  беру  бағдарламалары  Ұлттық  біліктілік  шеңберіне  сәйкес 



білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  нәтижесінде  нақты  анықталған  және  

тағайындалатын  біліктілікке  тиісті  болып,  кәсіби  стандарттардың  негізінде 

дайындалуы керек.

 

5.1.2  Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  келесідей  маңызды 



құзыреттіліктерді  қамтамасыз  етуі  тиіс:  кәсіби,  әлеуметтік-  басқарушылық, 

арнайы, сонымен қатар қосымша құзыреттіліктер; жасампаздық, сыни ойлау, 

инновациялық  өлшеу,  сонымен  қатар  олардың  тұлға  ретінде  дамуы,  оның 

ішінде  студенттерді  белсенді  азаматтық  ұстанымға  дайындауы,  бірнеше 

тілдерді меңгеруі.

 

5.1.3  Оқу  орындары  өздерінің  білім  беру  бағдарламаларына  тұрақты 



мониторинг  жүргізіп,  мерзімді  талдап  және  қайта  қарап,  алдарына  қойған 

мақсаттарға  жетуіне  және  студенттердің,  еңбек  нарығы  мен  қоғамның 

өскелең талаптарына жауап беруіне қол жеткізулері керек.

 

 



5.2 Білім беру бағдарламаларын бағалау критерийлері

 

 



30 

 

5.2.1  Білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу,  бекіту  және  жүзеге  асыру 



рәсімдерінің  болуы,  осы  процестерге  қатысатын  құрылымдық  бөлімдердің 

өзара әрекеттесу сипаты.

 

5.2.2  Білім 



беру 

бағдарламаларының 

жоғары 

оқу 


орнының 

миссиясымен,  жұмыс  берушілер  мен  студенттердің  сұраныстарымен 

келісетін, тұжырымдалған мақсаттарға сәйкестігі.

 

5.2.3  Білім 



беру 

бағдарламасында 

Дублин 

дескрипторларына 



негізделген оқыту нәтижелері мен құзыреттіліктердің бейнеленуі.

 

5.2.4  Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  мен  мазмұны,  оларды 



құрудың модульдік принципін қолдану.

 

5.2.5  Білім беру бағдарламасында өзгермелі қоғамның, оның ішінде үш 



тілді:  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  меңгеру  бойынша  президенттік 

бағдарламаны 

жүзеге 

асыру 


талаптарын 

сипаттайтын, 

негізгі 

құзыреттіліктерді,  зияткерлік  және  академиялық  дағдыларды  дамытатын 

кәсіби қызметке дайындауға арналған  құрамдастарының бар болуы.

 

5.2.6  Студенттердің  өзіндік  жұмысының  ұйымдастырылу  деңгейі, 



студенттердің қажетті оқу- әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі.

 

5.2.7  Білім  беру  бағдарламаларында  студенттердің  тұлға  ретінде 



дамуын,  азаматтыққа  тәрбиелеуге,  кез-  келген  күш  көрсетуге  төзбеуге,  өз 

елінің, халқының және жалпы адамзаттың тарихын құрметтеуге бағытталған 

олардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  әлеуметтік  құзыреттіліктерін 

қалыптастыратын құрамдастардың бар болуы.

 

5.2.8  Білім  беру  бағдарламаларының  қолданыстағы  бакалавриаттың 



(магистратураның,  докторантураның)  ҚР  МЖМБС-на,  типтік  оқу 

жоспарларына, міндетті компонент пәндеріне – типтік оқу бағдарламаларына 

сәйкестігі.

 

5.2.9  Пәндердің логикалық реттілігінің және негізгі талаптарының оқу 



жоспарлары мен оқу бағдарламаларында сипатталуы.

 

5.2.10  Элективті 



пәндер  каталогының  әзірлену  сапасы,  оның 

құрылымы мен онда оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерінің 

бар болуы.

 

5.2.11  Білім  беру  бағдарламаларында  студенттер  мен  оқытушылардың 



оқу  жүктемесінің  кредиттік  есептеу  жүйесінде  бейнеленуі,  оның  ұлттық 

деңгейде  қабылданған  оқытудың  кредиттік  жүйесінің  параметрлеріне 

сәйкестігі.

 

5.2.12  Оқыту  мақсаттарына  сәйкес  келетін  оқу-  дидактикалық 



материалдарының  сапасын,  олардың  ғылыми  деңгейін  қамтамасыз  ету 

жүйесі.


 

5.2.13  Профессор-  оқытушылар 

құрамының 

білім 


беру 

бағдарламаларын  әзірлеу  мен  жүзеге  асырудағы,  олардың  сапасын 

қамтамасыз етудегі жетекші рөлі.

 

5.2.14  Бағдарламада  студенттер  мен  олардың  тиімділігін  бағалау 



рәсімдерінің бар болуы.

 


31 

 

5.2.15  Білім 



беру 

бағдарламаларын 

әзірлеуге 

студенттердің, 

компаниялар мен жұмыс берушілердің қатысуы (олар ұсынған оқу пәндерінің 

тізімі).


 

5.2.16  Оқыту жүктемесінде кредитпен берілген теориялық материалды 

бекіту үшін бағдарламада өндірістік тәжірибенің бар болуы.

 

5.2.17  Бағдарламаларды  меңгеру  нәтижесінде  алынған  біліктіліктің 



нақты  көрсетілуі  және  ұлттық  біліктілік  шеңберінде  жоғары  білім  беру 

деңгейіне сәйкес болуы керек.

 

5.2.18  Студенттер мен еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, 



білім беру бағдарламаларының жаңалану жиілігі.

 

5.2.19  Білім  беру  бағдарламаларының  сапасын  қамтамасыз  етудегі 



бақылау әдістері. Бағдарламаларды сыртқы сараптау мен рецензиялаудың бар 

болуы.


 

5.2.20  Білім 

беру  бағдарламаларының  сапасын  мониторингтеу: 

қызметтер, 

құралдар 

мен 


әдістер. 

Студенттердің 

білім 

беру 


бағдарламаларының сапасына қанағаттануы.

 

5.2.21  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  мен  қосымша  кәсіби 



білім  беру  бағдарламалары  бойынша  білім  алуды  жалғастыру  мүмкіндігінің 

бар болуы.

 

5.2.22  Бірлескен  халықаралық  білім  беру  бағдарламаларының  бар 



болуы.

 

5.2.23  Білім  беру  бағдарламаларының  белгіленген  міндеттеріне  қол 



жеткізуді  қамтамасыз  ететін,  сапаны  ішкі  бағалау  мен  сараптаудың  тиімді, 

үздіксіз  тетіктерінің,  сонымен  қатар  оларды  жетілдіру  мен  мерзімді  қайта 

қарау  үшін  кері  байланыстың  бар  болуы.  Бағдарламаның  қайта  қаралған 

аспектілері студенттерге шұғыл жеткізіледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет