Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану


реактивтi интерактивтiлiк: оқушылар мен студенттер компьютердегi бағдарламаның бағыт берiп, көмектесуi нәтижесiнде жауап бередi



бет18/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#14681
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
Білім берудегі мультимедиа (1)

реактивтi интерактивтiлiк: оқушылар мен студенттер компьютердегi бағдарламаның бағыт берiп, көмектесуi нәтижесiнде жауап бередi;

  • әрекеттiк интерактивтiлiк: бұл жағдайда оқушылар, студенттер бағдарламаны басқара алады;

  • екi жақты интерактивтiлiк: оқушылар, студенттер бағдарламамен өзара ықпал жасай алады.

    DEC компаниясының хабарлауынша, дұрыс жолға қойылған (яғни, аппараттық, бағдарламалық және әдiстемелiк құралдармен толық жабдықталған) мультимедиа технологиясын пайдалану оқытуға жұмсалатын шығын көлемiн едәуiр азайтады екен.

    Зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша дәстүрлi оқыту әдiсiмен берiлген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалық интерактивтi оқыту бағдарламалары көмегiмен берiлген материалдың 75%-ы есте сақталады.

    Мультимедиалық технологияларды пайдалану мен дәстүрлi оқыту әдiстерi арасындағы айырмашылықты 2-суреттен көруге болады.

    Диаграммадан көріп отырғанымыздай, мультимедиалық технологиядарды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткiзедi:



    • оқуға кететiн уақыттың үнемделуiне;

    • оқу мотивациясының жоғарылауына;

    • зейiн аудару нәтижесiнде оқу материалын толық түсiнуге;

    • алынған бiлiмнiң ұзақ уақыт есте сақталуына.



    Сурет 2 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi

    Мультимедиалық технологияларды бiлiм сапасына әсерi, оқытудағы тиiмдiлiгi, қасиеттерi, субьект iс-әрекетiн дамыту мүмкiндiгi, т.б. сипаттамалары бойынша 3-суреттегiдей жiктеуге болады.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет