«білім берудің цифрлық трансформациясы: білім. ҒЫлым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция АҚпараттық хат



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі54 Kb.
#93316
  1   2

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ (ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ)
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ №140 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ


«БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ»
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


24 мамыр, 2023 жыл
Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік оқу орталығы және Қызылорда қаласы Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің «ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ» ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 мамырында сағат 16:00 де «БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Ұйымдастырушылар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, "Педагогикалық шеберлік орталығы" жекеменшік мекемесінің Қызылорда қаласындағы филиалы, Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, қалалық білім бөлімі, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі.


Модератор: Мусабаева А.Н. - Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің директоры, доцент, т.ғ.к.


Конференцияның мақсаты: 
Ғалымдар, оқытушылар мен педагог мамандар арасында дағдылар алмасу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді іске асыру мәселелерін қарастыру үшін табысты алаң құру.
Білім беруді цифрлық трансформациялау бағыттары талқыланады, қашықтықтан оқытудың үздік тәжірибелері, кадрларды даярлаудың тұрақты жүйесін іске асыру мәселелері, сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында инновациялық білім беру технологиялары мен педагогиканы біріктіру мәселелері қаралады.


Конференция жұмысының бағыттары:
1-бағыт: Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау
2-бағыт: Білім берудегі цифрлық технологиялар
3-бағыт: Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі педагогикалық аспектілер
4-бағыт: Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті ұстаз келбеті (өз тәжірибесінен)


Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция
(https://zoom.us/j/99482378343?pwd=WTZtYkJNaCt6dm80WExlUnEyeUxqZz09
Идентификатор: 994 8237 8343 Пароль: 1234)
Конференцияға тіркелу 2023 жылы мамыр айының 24-і күні сағ. 15.30-дан бастап жүргізіледі.
Конференцияның басталуы - сағ. 16.00-де (онлайн жүйесінде).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет