Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы



жүктеу 248 Kb.

бет1/3
Дата21.12.2016
өлшемі248 Kb.
  1   2   3
1

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» 

ғылыми - әмбебап кітапханасы 

 

 

 

 

 

Биобиблиографиялық көрсеткіш 

 

 

Шымкент 2014ж. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Сайын Мұратбеков 

( 1936-2007 ) 

 

 

 

 

 



 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-

әмбебап кітапханасы 

 

 

 

Ақпараттық библиографиялық бөлім 

 

 

 

 

 

 

«ЖУСАН ИІСТІ ДАРА ТАЛАНТ» 

 

(Биобиблиографиялық көрсеткіш) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2014 ж. 

 

 



 

Оқырманға 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап 



кітапханасы аса көрнекті жазушы, шебер аудармашы, Казақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері  Сайын Мұратбековтің өмірі мен 

шығармашылығына арналған биобиблиографиялық көрсеткіш 

ұсынады. 

Биобиблиографиялық көрсеткішке С. Мұратбековтің өмірі мен 

шығармашылық  жолы, туындыларынан алынған асыл ойлары, 

жарыққа шыққан кітаптары мен мерзімді басылым беттеріндегі 

мақалалары туралы мағұлматтар,  жазушы туралы жазылған 

естеліктер мен мақалалар еніп отыр. Сонымен қатар «Бір ел – бір 

кітап» акциясымен  өткен іс шаралар туралы да білуге болады. 

Көрсеткішке қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бір қатар 

материалдар енгізілді. С.Мұратбековтің шығармалары туралы 

мәліметтер хронологиялық тәртіппен орналастырылып, әрбір жыл 

әліпбиілік ретпен қойылды. Жазушы жөнінде жазылған кітаптар мен 

естеліктер, шығармашылығы туралы жазылған мәліметтер тиісті 

ретпен орналыстырылды. 

Биобиблиографиялық  көрсеткішті  құрастыруда кітап, газет – 

журнал мақалаларының шежірелері, интернет сайттары 

пайдаланылды. 

Биобиблиографиялық көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, 

студенттерге, кітапханашыларға және көпшілік оқырманға арналады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

Қайталап оқыла беретін қаламгер 

 

Қай ұлттың да, қандай жұрттың да көркем әдебиетінде қай 

заманда да, қандай қоғамда да қайталап оқыла беретін қаламгерлер 

болатыны белгілі. Классик дейміз бе, айрықша талант, ерекше дарын 

дейміз бе, қалай болғанда да қайталап оқылатын ақындар мен 

жазушылар – ең бақытты қаламгер. 

Биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясына тандалып алынған Сайын 

Мұратбеков – қазақ көркем әдебиетіндегі қашан да қайталанып оқыла 

беретін қаламгердің бірегейі. 

Сайынның көркем әңгімелері хақында қаншама жылдардан 

бермен қарата, қаншама адамдар қалам тербеп, ойларын ортаға 

салып, небір пікірлер білдіріп келеді. Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 

Мұратбеков прозасын алыстан көрінетін жас талға теңейді. Тахауи 

Ахтанов сыршыл лиризмнің сырбаздығына таңғалады. Шерхан 

Мұртаза «Сайын – біздің ұлттық құндылығымыз» дейді. Смағұл 

Елубай Сайынның қазақ әңгімесін жаңа белеске көтергенін, Тұрсын 

Жұртбай оқиға өрбітуі мен логикалық ақыл ойды сабақтастырудағы 

өзгешелігін, Ғарифолла Есім пәлсапалық психологиялық 

тереңдігіндегі таңғажайып тербелістерді таңырқай, талдай бәдіздейді. 

Әдебиет сыншысы Бақытжан Майтанов: «Әңгімелері мәңгілік 

даңқтың иелігіне шақыру алған» дейді. 

Осылайша келтіре берсек, таңғажайып тебіреністер толып 

жатыпты. Алайда, бәрібір, бұл Сайыныңыздың шағармаларындағы 

көркемдік құпиясын ешкім де аша алмайды. Толық таныту мүмкін 

емес. Мұратбековіңіздің  мәні мен мәнісі сол жұмбақтығында. 

Жаратушы Иеміз Сайындайын суреткерді солай жаратқан. 

Оны қайталап оқу керек. Ол қазақ оқырманы барда қайталанып 

оқыла бермек. 

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық 

«Алаш» сыйлығының лауреаты, облыстық 

«Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық 

форумының хатшысы, белгілі қаламгер 

Байғұт Мархабат  

 

 

 


 

 



 

САЙЫН МҰРАТБЕКОВ 

(өмірбаяны) 

 

Мұратбеков Сайын - оқырман қауымға кеңінен танылған 

қаламгер. Ол Талдықорған облысы Қапал ауданының, Қоңыр 

аулында дүниеге келген.  Жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері (1997ж.). Қазақ мемлекеттік университетінің 

журналистика факультетін бітірген (1963ж.), 1959-1996ж.   мұғалім,  

«Коммунизм таңы» (қазіргі «Жетісу») газетінде бөлім меңгерушісі, 

бас редактор (1977-1984ж.), «Қазақ - фильм» киностудиясында  аға 

редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем 

әдебиетті насихаттау бөлімнің меңгерушісі, басқарма хатшысы, 

«Жазушы» баспасының  директоры  (1984-1991ж.), «Невада – Семей» 

қозғалысы басшыларының бірі болды.  

1991 ж. Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, 1992-

1996 жж. – «Халық конгресі» газетінің бас редакторы қызметтерін 

атқарған. 

КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған (1981ж.). 

ХІ -шақырылған Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1984-

1989жж.). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1997). М.Әуезов 

атындағы сыйлықтың (1990), «Тарлан» сыйлығының (2004) және 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (2006) иегері 

атанды.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 

 

Сайын Мұратбеков – қазақ ауылының соғыстан кейінгі тұрмысы 

мен тіршілігін сомдаған жазушы. Жазушының алғашқы әңгімесі 1954 

жылы  жарық көрді. Оның «Ауыл оты», «Отау үй», «Көкорай», «Дос 

іздеп жүрмін», т.б. шығармалары оқырман қауымға таныс. Әсіресе,  

«Жусан иісі», «Жабайы алма» сынды әңгіме, повестері қазақ 

әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығармалар. Адам жан 

дүниесінің нәзік иірімдерін ұлттық мінез бен тіршіліктің ішкі 

заңдылықтары арқылы дәлдікпен зерлеген «Менің қарындасым» 

әңгімесі нағыз психологиялық туынды. Әңгімелерде алғашқы 

махаббат, кіршіксіз тұнық сезім, адамның есею, қалыптасу жолдары 

көркем тілмен керемет көрініс тапқан. Сайын Мұратбеков жүзден 

астам көркем суретті фильмдерді қазақ тіліне аударған. Оның 

шығармалары 30-дан астам шет тілдерге аударылған. Орыс, өзбек, 

татар, украин, белорус, грузин, әзербайжан, литва, араб, т.б.  

тілдерінде жарық көрген. 

Өмір шындығын бейнелеуді өз туындыларына алтын арқау 

еткен Сайын Мұратбековтің балалық балауса шағы Ұлы Отан 

соғысының отты жылдарына тап келді. Бірде аш, бірде тоқ, бірде 

бүтін, бірде жалаңаш жүріп, аңыраған ана, жылаулы жетім жесір 

арасында қатал мезгілдің қатулы қабағын байқап өскен жазушы. 

Өзінің  шығармаларында соғыс тауқыметіне тап болған қырдағы ел, 

ондағы адам тағдырын шебер бейнелейді. Бұл, әсіресе,  «Жабайы 

алма»  повесінде айқын көрініс табады. 

Ал «Ананың арманы»  атты әңгімесінде іші түтін, сырты бүтін 

болған  қарт ананың ішкі жан мұңы суреттеледі. Жалғыздықтың 

жалынын татқан ананың бар арманы – төрт баласының бақытын, 

бауырмалдылығын, ауызбіршілігін көру еді. Өкінішке  қарай, ол 

арман қарт ана үшін қол жетпес шыңға айналады. Бұл шығарманың 

трагедиялық көріністері, адамды тек күйзелтіп қана қоймайды, 

сонымен қатар, мың бұралған сұрақтардың шылбырымен жетелейді. 

Автордың «Жусан иісі» атты повесін алатын болсақ,  екінші 

дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы 

балалардың бастан кешкен ауыр  оқиғалары, көрген азаптары 

шынайы суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған 

ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңындағы 



 

 



 

балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен 

ерекше. 

«Басында Үшқараның» атты шығармасы туралы да таңдана 

жазған қаламгерлер аз емес.  

Сайын Мұратбековтің әрбір туындысында терең ой, тағылым, 

өнеге жатыр, жазушынының шығармаларында жастарға берер тәлім  

тәрбие мол. 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

ЖАРЫҚ  КӨРГЕН  ЕҢБЕКТЕРІ 

 

 

1.

 

1961 ж.  -  «МЕНІҢ ҚАРЫНДАСЫМ» 

2.

 

1964 ж.  -  «АУЫЛ ОТЫ» 

3.

 

1967 ж.  -  «КӨКОРАЙ» 

4.

 

1968 ж.  -  «ОТАУ ҮЙ» 

5.

 

1972 ж.  -  «ЖАБАЙЫ АЛМА» 

6.

 

1973 ж.  -  «ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН» 

7.

 

1976 ж.  -  «ТЕЛІ ӨСКЕН ҰЛ» 

8.

 

1976 ж.  -  «ҰЛТУҒАН» 

9.

 

1981 ж.  -  Тандамалы шығармаларының бір томдығы 

10.

 

1986 және 1991 жж. - Таңдамалы шығармаларының 

екі томдығы жарық көрген 

11.

 

1989 ж.  -  «ҚАЛЫҢ ҚАР» 

12.

 

1995 ж.  -  «ӨЛІАРА» 

13.

 

2002 ж.  -  «ЖАБАЙЫ АЛМА» 

14.

 

2010 ж.  -  «БАСЫНДА ҮШҚАРАНЫҢ...» 

15.

 

2010 ж.  -  «ЖУСАН ИІСІ» 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 



 

ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН 

ШЫҒАРМАЛАРЫ 

 

1969 г.  -  «Дом молодых» (орыс тілінде) 

1974 г.  -  «Камень – Тугай» (орыс тілінде) 

1982 г.  -  «На вершине Ушкара» ( орыс тілінде) 

1987 г.  -  «У теплого родника»  (орыс тілінде) 

1990 г.  -  «Дикая яблоня» (орыс тілінде) 

2003 г.  -  «Горький запах полыни» (орыс тілінде) 

-*- 

 «Зимний вечер» (орыс тілінде) перевод 

Г.Садовниковой 

-*-   

«Моя сестренка»  

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Ночной дождь»  

 

 

 

 

 

-*-  

-*-   

«Гость»  

 

 

 

 

 

 

 

-*-     

-*-   

«На перевале»   

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Причуды старого Бекена»   

 

 

-*- 

-*-   

«Первый снег»   

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Стужа» 

 

 

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Весна в Алматы» 

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Беркут Мухтара» 

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«Ултуган»   

 

 

 

 

 

 

-*- 

-*-   

«В гостях у свата» 

 

 

 

 

 

-*-   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 



 

С. Мұратбековтің 

өмірі мен шығармашылығы 

туралы 

 

1.

 

Асылбеков, С. Сайын Мұратбековтің көркемдік әлемі: [ 

Жазушы] // Керуен. – 2008. - № 2. – 52-60 б. 

2.

 

Аупбаев,  Ж.  Бәйге  аты  мүсінін  жасырады:  [Жазушы 

С.Мұратбеков  туралы] // Жалын. – 2010. - № 4. – 18-24 б. 

3.

 

Баянбай,  Қ.  Құпия  кездесу:  [Жазушы  С.Мұратбеков 

өмірінен естелік] // Жалын. – 2010. - № 4. – 26-28 б. 

4.

 

Бейісқұлов,  Т.  Ұлттың  арын  арлаған  Сайын 

Мұратбеков әңгімелерін қайта оқығанда//Қазақ  әдебиеті. – 2005. – 

7 маусым. 

5.

 

Бердібаев,  Р.    Өмір  суреттері:  [Жазушы  С.Мұратбеков 

жайлы: Естелік] // Жалын. -  2010. - № 4 – 26-28 б. 

6.

 

Дәдебаев, Ж. Жусан иісті дара талант // Қазақ әдебиеті. – 

2006. - № 31. – 6 б. 

7.

 

Елубай, 

С. 

Басында 

Үшқараның: 



Жазушы 

С.Мұратбеков жайлы: Естелік] // Жалын. – 2010. - № 4. – 10-14 б. 

8.

 

Жұмабай,  Ә.  Айғақтарға  жүгінсек...    [«С.Мұратбеквтің  

«Әдебиет – конвейер емес атты» мақаласына жауап] // Жас Алаш. 

– 2005. – 1 қазан. 

9.

 

Жұпарғалиев,  А.  Өмір  жарық  шерте  білген  Сайын 

Мұратбеков шығармаларындағы адам образы // Қазақ әдебиеті. – 

2006. – 31 наурыз. 

10.

 

Қамзин,  К.  Сайын  даланың  Сайыны  [  Жазушы 

С.Мұратбеков туралы: эпистолярлық эссе] // Парасат. – 2008.  -  № 

2. – 11-15 б. 

11.

 

Лепсібаева,  Ж.    Сайын  Мұратбековтің  «Жабайы 

алма»  повесіндегі  соғыс  жылдарындағы  ауыл  өмірі  //  ҚазҰУ 

Хабаршысы. – 2004. - № 3. – 189-191 б. 

 

 

12 



 

12.

 

Мұратбек  келіні  М.Жібектей  жұмсақ  жан  еді:  [ 

Жазушы С.Мұратбеков өмірінен естелік] // Жалын. – 2010. - № 1. – 

36-37 б.  

13.

 

Мұратбек  келіні  М.  «Таланты  мен  жан  дүниесі 

үйлесіп 

тұратын» 

[жазушы 

С.Мұратбековтің 

жұбайы 

М.Мұратбеков келіні мен сұхбат] // Жұлдыз. – 2008. - № 2. 204-208 

б. 

14.

 

Рақымжанов,  К.С.  Мұратбеков  әңгімелеріндегі 

ауыл өмірі: [ Жазушы] // Жұлдыз. – 2010. - № 11. – 174-180 б. 

15.

 

Соқпақбаев, Б. Шындықты ғана жазған // Жалын. 

– 2009. - № 3. – 25-42 б.  

16.

 

«Тарлан» - 2004 // Жас Алаш. – 2004. – 20 қаңтар. – 

3 б. 

17.

 

Тұрарбекқызы,  З.  С.Мұратбековтің  шығармасын 

оқулыққа енгізсе! // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 9 сәуір. 

18.

 

Тілегенов, Б. Владимирович, В. Әдебиет оның өмірі: 

[Жазушы С.Мұратбеков туралы] // Жалын. – 2010. - № 4. – 15-17 б. 

19.

 

Ілиясова, Д. С. Фразеологизмдерді көркем прозада 

қолдану  ерешеліктері  [  Сайын  Мұратбековтің  «Бір  өкініш,    бір 

үміт  әңгімесі  бойынша]  //  Хабаршы  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразиялық Ұлттық университеті. – 2008. - № 3. – 337-379 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 



 

Сайын Мұратбековтің мерзімді басылым 

беттерінде жарық көрген мақалалары: 

 

Қазақ тілінде: 

 

1.

 

Әдеби қауымды улатып шулатпай – ақ // Жас Алаш. – 

2004. – 27    мамыр. – 5 б. 

2.

 

Әдебиет оның өмірі // Жалын. – 2010. - № 4. – 15-17 б. 

3.

 

Әңгіме – ерке де еркін жанр // Жас Алаш. – 2002. – 21 

қараша. 

4.

 

Балалық шақтың «Жабайы алма» // Қазақ әдебиеті. – 

2011. – 21 қаңтар.  – 5 б. 

5.

 

Басында Үшқараның // Жалын. – 2010. - № 4. – 11 б. 

6.

 

Басында Үшқараның // Отбасы және деңсаулық. – 2009. - 

№ 4-5.  –  14-15 б. 

7.

 

Бәйге аты мүсінін жасырады // Жалын. – 2010.  -  № 4. – 10 

б. 

8.

 

Газеттің көлемі қалай өсті? // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 9 

қаңтар. 

9.

 

Ендігі жерде әдебиетімізге шын жазушылар ғана келеді // 

Қазақ     әдебиеті. – 1997. - № 45. – 5 б. 

10.

 

Жайсаң  жазушы // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 10 ақпан. 

11.

 

Жібектей жұмсақ жан еді // Жалын. – 2010.  -  № 1.  – 36-37 

б. 

12.

 

Жусан иісі // Жамбыл. – 2008. - № 3. - 114-138 б. 

13.

 

Жусан иісті дара талант // Қазақ әдебиеті. – 2006. - № 31. – 

6 б. 

14.

 

Қазақ киносының құты // Егемен Қазақстан. – 2004. – 14 

ақпан. 

15.

 

Қара құлып // Балдырған. – 2008. - № 10. - 6 б. 

16.

 

Көгілдір де мөлдір ұмытылмайтын, ұмыта да алмайтын 



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал