4) магистрлік жоба – таңдалған мамандықтың өзекті проблемаларының қолданбалы
міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе эксперименттік нәтижелерді
қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бейінді магистратура магистрантының оқу
бітіргендегі біліктілік жұмысы;
5) әскери, арнаулы оқу орнындағы магистрлік диссертация – ғылымның заманауи
теориялық, әдістемелік және технологиялық табыстарына негізделген таңдалған мамандық
саласындағы маңызды проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірлемелерінен
тұратын дербес ғылыми зерттеуді білдіретін магистранттың бітіру жұмысы;
6) жоғары оқу орны компоненті – мамандықтың білім беру бағдарламасы шеңберінде
игеру үшін
дербес әскери, арнаулы оқу орны анықтайтын оқу пәндерінің тізбесі және
кредиттердің тиісті көлемі;
7) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті
лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
8) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті
білім, шеберлік және дағды;
9) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі
және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті білім, шеберлік
және дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) магистрлер
даярлауды:
1) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының жіктеуішіне;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО магистрлерді даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар және
біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлық деңгейіне
қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) магистранттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен
меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру
қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" оқытудың нәтижелері
Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура) негізінде айқындалады және
құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де,
модульдің, жеке пәннің деңгейінде де сипатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн
негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген дамытылып
отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе
пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы
проблемаларды шешуде бiлiмін,
түсінігін және қабілетін қолдана алу;
3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі
ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және
әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;
4) өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандар мен маман
еместерге
айқын және ашық хабарлау;
5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
7. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің
нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін,
олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті
түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар"
деген бөлімде магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу
жылы ішінде әр пән немесе
оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт магистранттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының
білім беру қызметіне міндетті қойылатын талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: