Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата10.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#80800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
gosudarstvennyi obsheobyazatelnyi standart poslevuzovskogo obrazovaniya.01-09-2018.kaz

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


2-бөлім. Докторантура 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, 
арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік 
нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан PhD докторантурасының білім беру 
бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы 
мен мазмұнына, докторанттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға қойылатын 
талаптарды белгілейді.
Осы стандартта "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер 
қолданылады оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар қамтылған:
1) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні 
бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет 
үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
3) докторлық диссертация – теориялық ережелер жиынтығын жаңа ғылыми жетістік 
ретінде тануға болатын немесе ғылыми мәселе шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының 
дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе 
технологиялық шешімдер баяндалған, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;
4) кәсіптік құзыреттілік – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті 
лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
5) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 
жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті 
білім, шеберлік және дағды;
6) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі 
және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік 
және дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) философия 
докторы (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлайды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
мамандықтарының жіктеуішіне; 
2) осы стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге; 
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО философия докторларын (PhD) және тиісті сала бойынша докторларды даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар және 
біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды 
белгілейді.


4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) докторанттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен 
меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру 
қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның және аккредиттелген әріптес ғылыми 
ұйымдармен бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын 
ұсыну бойынша ынтымақтастық туралы шарттардың негізінде жоғары оқу орындары жүзеге 
асырады.
6. "Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде оқыту 
нәтижелері Дублин дескрипторларының 3-деңгейі (докторантура) негізінде анықталады және 
құзыреттер арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке 
пән модулінің деңгейінде де сипатталады.
Үшінші деңгейдегі дескрипторлар: 
1) зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерді, осы салада қолданылатын зерттеу 
әдістерін қолдану шеберлігін көрсету;
2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және 
түзету;
3) өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше зерттеулерімен 
ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу;
4) жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және жинақтау;
5) өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және 
қоғамға жеткізу;
6) білімге негізделген қоғамның дамуына септігін тигізу қабілеттерінің болуын 
қарастырады.
7. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің 
нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін, 
олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті 
түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" 
деген бөлімде докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына әрбір пән немесе 
оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт докторанттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім 
беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беруді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет