Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


 Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата10.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#80800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
gosudarstvennyi obsheobyazatelnyi standart poslevuzovskogo obrazovaniya.01-09-2018.kaz

 4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар 
56. Магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу 
жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.
57. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын 
кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша 
оқытушының магистранттармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық 
сағаттармен жүзеге асырылады.
Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық 
сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және 
зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең. 
Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-
зерттеу) жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
58. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың аудиториялық 
жұмысының; 
2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;
3) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы кезеңіндегі магистранттың 
оқытушымен жұмысының;


4) магистранттың магистрлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысының;
5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру кезіндегі жұмысының 
15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет
59. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу 
жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының 
көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) айқындалады.
60. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. 
Магистранттардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті МӨЖ сағаттарымен 
толығады, осылайша бір кредитке магистранттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің 
бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
61. Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша жұмысының тиісті оқу 
сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, 
өндірістік практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
62. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының, магистранттың 
магистрлiк диссертацияны орындауын қоса алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық 
МӨЖ-бен толықтырылады.
63. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты магистрлік 
диссертацияны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру 
бойынша магистранттың оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып 
табылады. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӨЖ-бен 
қамтамасыз етіледі.
64. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың өздігінен орындайтын 
жұмысының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін 
магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ).
65. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жеке 
график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын магистранттың аудиториядан тыс жұмыс 
түрі болып табылады және жалпы оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу 
бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) 
бойынша консультациялар өткізіледі, МӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау 
жүргізіледі.
ӘАОО-да магистранттың дербес жұмысы оқытушының басшылығымен, оның ішінде 
аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
66. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу 
орны өзі айқындайды.
67. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың оқытушымен 
жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз 
етіледі.
68. Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-зерттеу, 
эксперименттік-зерттеу жұмыстары, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмысының түрлері 
үшін ОМӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін жоғары оқу орны өзі 
белгілейді (мысалы, магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).
69. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, 
практикалардан, тағылымдамалардан демалыстардан, магистранттың ғылыми-
зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан 
тұрады.
70. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден немесе ұзақтығы 10 апта 
болатын триместрден немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады. 
ӘАОО-да академиялық кезеңді академиялық күнтізбе және ЖОЖ айқындайды. ӘАОО 
академиялық кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін қосқанда оның нысанын дербес 
анықтайды.


71. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 2 
аптаны құрайды.
ӘАОО-да аралық аттестаттаудың ұзақтығы әрбір академиялық кезеңнен кейін кемінде 1 
аптаны құрайды.
72. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау 
жүргізіледі және ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша 
бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал 
қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-да аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген барлық пәндер бойынша қорытынды 
аттестаттау жүргізіледі және ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы 
үлгерім бағаларын ескере отырып пәндер бойынша қорытынды баға шығарылады. Пән бойынша 
қорытынды бағада ағымдағы үлгерімнің баға үлесі 60% кемінде, ал қорытынды бақылау 
бағасының үлесі 40%-дан аспайды.
73. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, курстарда 7 
аптадан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы бойында бітіру курсын қоспағанда кемінде 6 
аптаны құрайды.
74. Магистранттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен 
магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен 
белгіленген көлемде жүргізіледі.
75. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта 
бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативтік жұмыс уақытын есепке 
ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген 
көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына 
көбейту керек және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа 
бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты 
(50 минуттан), өндірістік практика, тағылымдама үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу 
практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың 
ұзақтығы аптамен есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика 
үшін 2,5 аптаны, зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
76. Магистранттарды қорытынды аттестаттау және МҒЗЖ, МЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 
сағатқа тең магистранттардың апта бойғы жұмысының нормативтік уақытына (6 күндік жұмыс 
аптасы кезінде МӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.
МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта 
сәйкес келеді. 
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес 
келеді, оның ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-
ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді. 
Магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит, яғни тиісінше 6 апта 
беріледі. Магистрлік диссертацияны орындау процесінің өзі алдын ала магистранттың 
ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы барысында жүргізіледі.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға кемінде 2 кредит, яғни 
тиісінше 4 аптадан кем емес, магистрлікті ресімдеуге және қорғауға кемінде 1 кредит 
беріледі, яғни тиісінше кемінде 2 апта беріледі.
77. Бітіруші курсты қоспағанда, магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық 
қарызды жою үшін, игерген кредиттерін өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра 


отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын 
(GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және 
қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
ӘАОО-да магистранттардың қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық 
қарызын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, басқа жоғары оқу орнындағы оқу 
пәндерін зерделеу, үлгерімнің орташа балын арттыру үшін ұзақтығы кемінде 2 апта жазғы 
семестрді (бітіруші курсты қоспағанда) енгізуге рұқсат етіледі.
78. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша кемінде 59 кредитті, оның ішінде 
теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу 
жұмысының кемінде 7 кредитін игеруі;
2) бейіндік дайындық бойынша – кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі – 1 жыл) және 
кемінде 48 кредитті (оқу мерзімі – 1,5 жыл), оның ішінде теориялық оқытудың тиісінше 
кемінде 18 және 36 кредитін, практиканың тиісінше кемінде 2 және 4 кредитін, 
эксперименталды-зерттеу жұмысының тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып 
табылады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын 
талаптарды орындаған жағдайларда магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан "магистр" 
дәрежесі беріледі.
79. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіннің 
бағдарламаларын қосымша меңгерген жағдайда докторантураға рұқсат етіледі.
ӘАОО-да магистр тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘАОО-ға 
оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес докторантураға рұқсат етіледі.
80. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық курсын 
меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында 
ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны 
қорғауға мүмкіндік беріледі.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын 
меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа ғылыми-зерттеу 
компоненттерінің кредиттерін қайта игеру және магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін 
тиісті мемлекеттік органдар айқындайды.
81. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытуының толық курсын 
меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа 
магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылады.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын 
меңгерген, бірақ магистрлік диссертацияны белгіленген мерзімде қорғамаған магистрантқа 
тиісті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен келесі оқу жылы магистрлік диссертацияны 
қорғауға мүмкіндік беріледі.
82. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға сәйкес 
ұйымдастырады және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік 
талаптарын сақтауы тиіс.
83. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, 
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да 
ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген магистранттарды жатақханамен және 
басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді.
84. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары оқу орнында 
қолданыстағы санитариялық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында 
көзделген теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ 
магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі 


орындалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, 
компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) 
болуы тиіс.
85. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету магистранттардың 
магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс;
2) білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, 
электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-
әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі 
тиіс;
3) кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу 
әдебиеттерімен қамтамасыздандыру білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын 
біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
86. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың 
екі түрі кіреді:
1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;
2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.
Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру 
мақсатында өткізіледі.
Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей 
өткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.
Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, 
әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименттік 
деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі әдістерімен таныстыру мақсатында 
жүргізіледі.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы 
тиіс.
Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, 
оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін 
жинақтау, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында өткізіледі.
Зерттеу/өндірістік практиканың мазмұны диссертациялық (жобалау) зерттеу 
тақырыбымен айқындалады.
87. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне 
қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді. 
МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық 
технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда 
және/немесе тиісті қызмет салалары бойынша ұйымдарда міндетті түрде ғылыми 
тағылымдамадан өту қарастырылады.
88. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксприменттік-зерттеу жұмысының ең соңғы 
қорытындысы магистрлік диссертация (магистрлік жоба) болып табылады.
89. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда 
және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс. 
ӘАОО-да магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ұсынылуы қажет:
бейінді магистратураның магистранттары ғылыми журналда немесе ғылыми-практикалық 
(ғылыми-теориялық) конференцияларда кемінде бір жарияланым;
ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттары ғылыми журналда немесе 
ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда кемінде екі жарияланым.
90. Магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оның 
дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды жоғары оқу орны өзі айқындайды.


ӘАОО-да магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімдеуге, оларды әзірлеу мен 
қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган 
айқындайды.
91. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, 
мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды. 
92. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде 
білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.
ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған 
жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің әдіс-тәсілдері мен нысандарын, 
оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.
93. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа 
магистрлік диссертацияға (магистрлік жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары 
мен докторларының, PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 
білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекшілер тағайындалады.
Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің 
негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы 
саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде 
шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар 
тағайындалады.
ӘАОО-да қабылдаудан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік 
диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми жетекші және 
магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ӘАОО басшысының 
бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми басшысы ғылыми дәрежесі "магистр" дәрежесі 
немесе кем дегенде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар полковник атағы 
(арнаулы атағы) болуы және ғылымның осы саласын (магистрантты оқыту мамандығы бойынша) 
ғылыми зерттеумен белсенді араласуы қажет. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас саласы 
бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін.
94. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмек көрсетеді.
95. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі 
шеңберінде алынған білім беру деңгейі әртүрлі бақылау түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
96. Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе 
модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық 
кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) тіркеу кеңсесі(бөлімі, секторы) жүргізеді және 
бақылау мен бағалау білім берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
97. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі есепке алып 
отырады және магистранттардың белгіленген нысандағы транскриптінде көрінеді.
Транскрипт магистрантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші 
негізінде беріледі.
98. Магистранттардың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау 
оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.
99. Магистранттарды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және 
мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешендi емтихан тапсыру және 
магистрлiк диссертацияны (магистрлік жоба) қорғау нысандарында өткізіледі.
100. Қорытынды аттестаттаудың мақсаттары бітіруші магистранттың қалыптасқан арнайы 
және басқару құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, кәсіби 
міндеттерді орындауға дайындығын және оның дайындығының кәсіби стандарт пен білім беру 
бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
101. Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін 1 ай бұрын кешіктірмей өткізіледі, 
мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламасындағы 
бейіндеуші пәндер циклдерінің пәндері кіреді.


ӘАОО-да кешенді мемлекеттік емтихан диссертацияны қорғағанға дейін жүргізіледі, 
оған магистратураның білім беру бағдарламаларының базалық және/немесе бейіндік пәндер 
циклінің пәндері енеді. 
102. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны 
(магистрлік жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.
Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау рәсімін жоғары оқу орындары өз 
бетінше жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі тиісті мемлекеттік органның ӘАОО 
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу 
қағидаларына сәйкес айқындалады.
103. Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға тиісті 
мамандық бойынша "магистр" дәрежесі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі 
диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) 
бере алады.
ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдарға 
тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және/немесе біліктілік беріледі, 
қосымшасы бар (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет